ТҮРКІСТАНДА «АЛТЫН ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Понедельник, 9 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАНДА «АЛТЫН ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Конгресс холл» кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «AMANAT» партиясының қолдауымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Биылғы сөз додасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды.

09.12.2022
Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА «АЛТЫН ДОМБЫРА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Түркістандағы «Конгресс холл» кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «AMANAT» партиясының қолдауымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Биылғы сөз додасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. Айтыстың ашылу салтанатында «AMANAT» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов құттықтау сөз сөйлеп, қазақтың айтыс өнерінің дамуына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды еліміздің ең үздік 18 ақынының Түркістан төрінде бас қосқанына қуанышты екенін атап өтті.
– Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан төрінде басталған «Алтын домбыра» айтысына қош келдіңіздер. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарында Түркістанға ерекше мәртебе беру жөнінде ұсынысын айтты. Сондықтан «Алтын домбыраның» Түркі жұртының рухани төрінде өтуі – біз үшін зор мәртебе әрі заңдылық. Өздеріңізге белгілі, осыдан 4 жылдан астам уақыт бұрын өзінің тарихи тұғырына қайта қонған Түркістан қаласы жаңару мен жаңғырудың бұрын-соңды болмаған жаңа белесіне көтерілді. Бүгінгі айтысымыз ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ақындарымызға сәттілік, шабыт тілеймін. Біз осындай мәдени-рухани іс-шараларды қабылдауға әрқашан дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Биылғы жылдың басты додасына еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстарда жеңімпаз атанған танымал ақындар жиналған.
Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев жүргізуде. Түркістандық өнер сүйер қауым мен көрермендер ақындарды үлкен қошеметпен қарсы алып, қолдау көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, республикалық «Алтын домбыра» ақындар айтысы 2012 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Былтыр бұл додада түркістандық Бекарыс Шойбеков жеңімпаз атанған болатын.
Түркістан төріндегі айтыс 2 күнге жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ирригациялық жүйелер жаңартылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДАРДЫ ӨНДІРУДЕ ҚАДАҒАЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.