«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы елдің бірегей экологиясын жақсартуға үлес қоспақ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы елдің бірегей экологиясын жақсартуға үлес қоспақ

24.09.2022
Жаңалықтар
0
«Жасыл» экономикаға көшу болашақ ұрпақ үшін маңызды – экобелсенді

2021 жылдың  қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобаны жүзеге асыру туралы бастама көтерген болатын. 10 жобаның ішіндегі өзектілерінің бірі – «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Осы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

– Қазақстанда экология проблемасы бар және оны тез арада шешу керек. Осыған орай елде жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Құжат мұқият талданды, сондықтан ол барлық стандарттарға сәйкес келеді. Үкімет алға қойған тапсырмаларды орындауды бақылауына алу керек. Сонымен қатар біз 2 млрд көшет отырғызуымыз керек. Халық бұл ұсынысты қуана-қуана қабыл алып отыр. Көгалдандыру мәселесіне бей-жай қарауға болмайды. Ағаштарды егу үшін қоғам белсенділерімен, ғалымдармен бірлесіп кәсіби талдау жасауымыз керек.

«Жасыл Қазақстан» жобасы еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Еліміз бойынша шығарылатын қалдықтарды қайта өңдеудің көрсеткіші өте төмен, небәрі 18 пайыз ғана. Ұлттық жоба аясында бұл көрсеткіш 34 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр. Қоқысты бөлек-бөлек жинау үшін инфрақұрылым жасақталмақ. Тұрғындар арасында қоқысты бөлек жинауды насихаттау да жұмыс жоспарына кіреді. Осылайша қоқыс полигонына түсетін қалдықтардың көлемін азайту қарастырылуда.

Жобаға сәйкес, Қазақстанның 6 қаласында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды Өскемен, Ақтөбеде қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Осы қалаларда қазір зауыт салынатын жер де бөлініп қойды. Осы жұмыстардың барлығы жеке меншік инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Бөлінетін қаржы көлемі 293 млрд теңге. Ал полигонға түсетін қоқысты «Waste to Energy» жобасы аясында өртеу қарастырылған. Бюджеттен қаржы бөлу қарастырылмаған. Жоба сәтті жүзеге асса, оны бүгін ел көлемінде таратылатын болды.Бұл ұлттық жобаларды мемлекет сапалы түрде жүзеге асыруға атсалыспаса экономикалық нәтижесі бола қоюы қиын. Қырауар қаржы салынатын қандай да бір жобаға біреу жауапты болуы керек. Қазіргі таңда біз 15 триллион теңге салып, жүзеге асырмақшы болып отырған ұлттық жобаларымызға 7-8 министрлік жауапты. Жобаға жауаптылардың саны көп болған сайын нәтиже де дұрыс болмақ. Жауапты нақты бір адам болса тіпті жақсы болар еді. Бұл жоба математикалық, экономикалық модель бойынша жүщеге асырыла ма, осыны да анықтап алған жөн.

Осы уақытқа дейін талай бағдарламалар қабылданды, қаржы да бөлінді. Бірақ нәтиде айтарлықтай болған жоқ. Осы уақытқа дейінгі бағдарламалардың орындалмағаны үшін ешқандай шенеунік жауапқа тартылған жоқ. Сондықтан осы жолы Президент нақты нәтиже болатындай ұлттық жобаларды ұсынып отыр.

Мамандардың айтуынша, әр ұлттық жобаның бағдарламасындағы іс шараларға белгілі бір адам жауапты.

Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейтті дала алып жатыр. Орманның үлесі бар-жоғы 4-8 пайыз. Біз үшін жыл сайын жасыл желек санының артқаны маңызды. Сондықтан талдарды жасылы аз аймақтарға отырғызу жоспарланып отыр.

Президент Қазақстанның елді-мекендері мен қалаларына 15 млн тал егуді тапсырған. Көп жағдайда елімізде сонша қаржы жұмсалып отырғызылған ағаштар суғарылмай қурап қалып жатады. Миллиондаған жасыл желекті суару мәселесі де оңай емес. Әр азаматтың ағаштарды суғаруға атсалысуымен және жаңа технологиялардың көмегімен бұл мәселе шешіледі.

Ұлттық жобалардың 2025 жылға дейін Қазақстан экономикасының дамуына қосатын үлесі жыл сайын 0,5-0,22 пайыз болмақ.

Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына, ІЖӨ-нің 231 млрд теңгеге өсуіне ықпал етіп, 60 мыңға жуық жұмыс орны ашы­лады деп болжануда. Министр бұл жо­­ба әлеуметтік нәтижеге қол жеткі­зу­ге арналғанын жеткізді. Бұдан басқа атал­ған стратегия көлдердегі су сапасын жақсар­туға, сондай-ақ суару кезінде шы­ғын­ды азайтуға мүмкіндік береді. Сол секілді орманды аумақты 5%-ға дейін ұлғай­туға жол ашады деп сендірді жоба авторлары.

Басқа ұлттық жобалармен салыстырғанда «Жасыл Қазақстан» жобасы әлеуметтік салада нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Ауаның тазаруы, қалдықтарды қайта өңдеуден келетін пайда, ағаш егудің тиімділігі, су ресурстарын үнемді пайдалану секілді тұстары халыққа пайдалы болатыны сөзсіз. Сондықтан экономикалық нәтижеден гөрі еліміздің әлеуметтік саласын оңтайландыруға ұлттық жобаның берері мол.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Турецкая компания Koç Holding намерена реализовать ряд проектов в Туркестане

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АРЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІ ТЕГІН ТАРАТЫЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.