«Жасыл» экономикаға көшу болашақ ұрпақ үшін маңызды – экобелсенді — Төрттаған
Суббота, 28 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жасыл» экономикаға көшу болашақ ұрпақ үшін маңызды – экобелсенді

26.09.2022
Жаңалықтар
0
«Жасыл» экономикаға көшу болашақ ұрпақ үшін маңызды – экобелсенді

«Жасыл» экономикаға көшу қомақты қаражатты талап етеді. Алайда ол болашақ ұрпақтың қамы үшін маңызды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экоамбассадоры Айшуқ Еділ айтты, деп хабарлайды newsroom.kz-ке слітеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, әлемдегі энергия нарығының тұрақсыздығына, қазбалы отынның шектеулі мөлшеріне, экологиялық жағдайдың нашарлауына, электр энергиясының қымбаттауына қарамастан Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ниетті.

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

«Бұл – энергия нарығындағы бағаның құбылуына қарамастан таусылмайтын құнды ресурс. Еліміз географиялық жағынан қолайлы орналасқан әрі «жасыл» энергияның үлкен әлеуетіне ие. Мысалы, Қазақстанда желдің орташа жылдамдығы секундына 5-6 м/с болатын орындар бар. Бұл жел энергиясын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірлерде (солтүстік-оңтүстік) орташа есеппен жылына 2 мыңнан 3 мың сағатқа дейін күн ашық болады. Бұл елдегі электр энергиясына сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті», – дейді Айшуқ Еділ.

Экобелсенді Вьетнамдағы орташа есеппен жылына 2200 сағат күн ашық болатынын, Қытайда – 2500 сағат, Германияда, Ұлыбританияда, Норвегияда және Жапонияда – 1 мың сағаттан аз болатынын атап өтті. Осыған қарамастан олар «жасыл» энергия өндірісі бойынша көшбасшы елдердің қаратында.

«Сондықтан «жасыл» экономикаға көшу, «жасыл» технологияны енгізу қомақты қаражатты талап етеді. Алайда бұл ақша

өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын. Болашақ ұрпақ экологияны сақтағанымыз үшін әрі таза ауа үшін бізге тек алғыс айтады. Себебі, бүгінде елдегі энергияның 75%-ы көмірден алынады. Бұл ауаның ластануына айтарлықтай ықпал етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіреді, сондай-ақ климаттың өзгеруіне әсер етеді», – деді

Көкшетаудағы Bolashaq Saraiy мекемесі ғылым бөлімінің меңгерушісі.

Сондай-ақ Айшуқ Еділ қоқыс өңдеу мәселесіне тоқталды.

«Қазақстанда орташа есеппен жылына 4,5 – 5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жиналады. ҚТҚ Астана, Шымкент және Жаңаөзен қалаларындағы зауыттарда, сондай-ақ негізінен шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі кәсіпорындарда сұрыпталады және қайта өңделеді. Теориялық тұрғыда елімізде қоқысты өңдеумен айналысу тиімді. Алайда іс жүзінде бұл сала тиісті деңгейде дамымаған», – деді ол.

Оның пікірінше, Астана мен Алматыдағы кейбір компанияларды есепке алмағанда, қоқыс өңдеу саласындағы компаниялар шығынға батып жатыр немесе өндірістің басқа түрінен дотацияланып отыр.

«Қоқыс таситын көліктерді, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған құрал-жабдықты сатып алу оңай емес. Қалдықтарды жинау мен шығару тарифінің бағасын көтеріп, халықты қоқысты сұрыптауға үйрету керек деп ойлаймын. Қазақстанда қоқысты өңдеу инфрақұрылымы толық қалыптаспаған. Ол енді дамып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін қоқыс жинау және шығару тарифін қайта қарау керек», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экоамбассадоры.

Сонымен қатар ол қазақстандықтар қоқысты сұрыптап жинауға әлі дайын емес екенін атап өтті. Сондықтан салада инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу керек.

Экобелсенді «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы туралы айтты. Ол халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, қалдықтарды өңдеуге, оларды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі инфрақұрылымын құруға, көлдердегі судың сапасын жақсартуға, сондай-ақ суару кезіндегі ысырапты азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық жоба төрт негізгі бағытты қамтиды:

1. «Таза Қазақстан» бағыты;

2. «Үнемді Қазақстан»  бағыты;

3. «Табиғат» бағыты;

4. «Экология болашағы» бағыты.

«Ол 11 міндеттен тұрады. Оның ішінде қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды сақтау, экономиканың энергия сыйымдылығын азайту сынды міндеттер тұр. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін «жасыл» технология керек. Сондықтан ұлттық жобаны іске асыру «жасыл» технологияны енгізуге және халықтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді деп санаймын», – деді Айшуқ Еділ.

Сондай-ақ ол халықтың экологиялық білімі мен мәдениет деңгейін арттыру керек деген пікірде.

«Экологиялық білім бәріміз үшін маңызды. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін оның маңызын түсіндіру керек әрі ата-аналар балаларына экологиялық тазалықты сақтауды үйреткені жөн. Сондай-ақ мектепте экологиялық білім беруді күшейту қажет. Университетте табиғатты пайдалану экономикасын оқыту шарт. Экологиялық үйірмелер мен клубтарды қолдауды күшейту керек деп ойлаймын. Өнеркәсіп ұйымдары, бизнес құрылымдар мен кеңселер заманауи технологияға ауысып, маңызды ғылыми әзірлемелерді қолдауы қажет. Экологиялық жауапкершілікті күшейтіп, табиғатқа ұқыпты қарау арқылы ғана біз өміріміздің сапасы арттырып, болашақ ұрпаққа қамқорлық жасай аламыз. Сондықтан қоқысты сұрыптау, суды, электр қуатын және басқа ресурстарды үнемдеу, жануарлар мен табиғатқа қамқорлықпен қарау маңызды», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экоамбассадоры.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БӘЙДІБЕК: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЭКО-БАЗАРДА БӘЙДІБЕКТІК ӨНІМДЕР САТЫЛУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН 515 ЖАҢА АВТОБУСТЫҢ 101-І ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
451

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.