ТҮРКІСТАНДА ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ӨСКЕН — Төрттаған
Воскресенье, 19 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ӨСКЕН

07.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ӨСКЕН

Түркістан қаласы облыс орталығы болғанға дейін ондағы ауа сапасының нашарлағаны туралы «Қазгидромет» жиі мәлімдеме жасайтын. Өз кезегінде қоршаған ортаның айрықша жоғары ластануы техногенді сипаттағы жағдай. Сала мамандары Түркістан қаласындағы ауа сапасына қатысты мәселені ондағы тұрғын үйлердің көмір жағып, күл шығаратынымен жиі байланыстыратын. Сонымен қатар қаладағы көпқабатты мыңдаған пәтерге жылу жеткізетін орталық қазандықтың қатты отынды пайдаланатыны да жығылғанға жұдырық болатын. Мәселеге нүкте қою үшін төрт жылдан бері қаланы газдандыру жұмысы қарқын алды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша Түркістан қаласында трғындардың табиғи газға қосылу көрсеткіші 95,2 пайызға өскен. Бұл туралы 4tagan.kz Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қалада 40 мыңнан астам абонентке көгілдір отын қолжетімді. Десе де алаулатып жеткізілген газ желісі есік алдына жетсе де, оны үйіне енгізуге біраз тұрғындар асығар емес. Осыған байланысты аталған инспекция мамандары көмір жағып, күл шығарып жүрген яғни, газға қосылмаған тұрғын үй иелері  мен әлеуметтік нысан басшыларына  табиғи газға қосылу туралы ескертулер беруде.

Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» КММ Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ж.Тасовпен бекітілген «қала тұрғындарын 2022 жылдың мамыр-қыркүйек айларына табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындарды және әлеуметтік нысандарды толығымен табиғи газға қосу іс-жоспары» тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласы 6 сектор тұрғын алқабы бойынша (2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қыркүйек  айлары аралығында) 2049 жеке тұрғын үйге табиғи газға қосылу туралы ескертулер жасаған. Атап айтқанда, «Шауғар» мөлтек ауданы бойынша 588 жеке тұрғын үй,  «Яссы» мөлтек ауданы бойынша — 410,  «Бекзат» мөлтек ауданы бойынша — 428, «Отырар» мөлтек ауданы бойынша — 234,  «Сауран» мөлтек ауданы бойынша — 269, «Бірлік» мөлтек ауданы бойынша 120 жеке тұрғын үйдің газ жүйесіне қосылмағаны анықталған. Олар газ желісін үйіне енгізбеудің басты себебі қаражаттың жетіспеуі екенін алға тартады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САУРАН ӘКІМІ ИАССЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТА ЖЕКЕМЕНШІК ОРТА МЕКТЕБІ ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
5
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
5
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
5
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.