Энергия үнемдеудің тиімділігі мол — Төрттаған
Среда, 9 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Энергия үнемдеудің тиімділігі мол

28.09.2022
Жаңалықтар
0
Энергия үнемдеудің тиімділігі мол

Түркістан қаласының аумағында 39937 электр абонентінің тек  33 937 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90 пайыз жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9 пайыздан 94,7 пайызға артты. Осылайша, қала әкімдігі тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғасытруда. Бүгінде электр энергиясының тұрмыс-тіршіліктің барлық бағытында қажетті ресурс болғандықтан елімізде электр энергиясын үнемдеп қолдану мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының даму үрдісі аясында аясында энергия тиімділігін арттыру, үнемдеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Энергетикалық мол мүмкіндіктерге қарамастан үнемдеу шараларын қолға алу – заман талабынан туған қажеттілік.

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саясаты өнім өндіру барысындағы энергия ресурстарын тұтыну саласындағы нормативтерді реттеуді қажет етеді. Оған сай қуаттылық коэффициентіне, жобалау құжаттамасына қойылатын талаптар өзгертілмек. Аталмыш саясатқа байланысты энергия тиімділігі саласындағы міндетті талаптар көлікке, электр қозғалтқышына, әртүрлі типтегі ғимараттар мен құрылыстарға және архитектуралық шешімдерге қолданылады деп күтілуде. Ол нормаларды өндірістегі ірі кәсіпорындарда енгізу үшін энергия тиімділігін бағалауға энергетикалық аудит жүргізу бойынша талаптар жаңаша қойылуы тиіс. Әлбетте мұндай жаңашылдық қосымша білімге ие мамандарға мұқтаждық тудырады. Сондақтан энергия аудиторлары мен энергия менеджерлерін даярлайтын оқу орталықтарын ұйымдастыру ісі көлденең шығатыны түсінікті.

Мәселе алғаш 2010 жылдары көтеріле бастады. Елбасының сол жылғы Жолдауында экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі бойынша жаңа міндеттер қойыла келе, энергия үнемдеу саласында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кемінде 25 пайызға төмендету міндеті қойылған. Осыдан бастап Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің біріне айналды. Міндеттерді орындау үшін барлық дерлік салалар мен аймақтарда энергия тиімділігін арттыру тапсырылды. «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы қабылданды.

Аталмыш саяси басымдық экономиканың түрлі тармағын жаңғыртып, өндіріс саласының сапасын арттыру, шетелдік инвестиция ағынын күшейту, бұқараны энергия көздерін үнемді де ұқыпты қолдануға шақыру шараларын қамтиды.

Энергия ресурстарын тұтыну елдің жалпы ішкі өсімі жоғарылаған сайын артып келе жатқаны байқалады. Ол түсінікті де. Экономикалық өсу деген сөз өндірістің өсуі, тұтынушылық қабілеттің өсуі. Жыл сайын елде жылу энергиясы, электр энергиясы, жанар-жағармай, көгілдір отын, қатты отын сияқты тұтыну ресурстарының қолданылуы арту үстінде. Бұл бір жағынан ел дамуының әрі халықтың әл-ауқатының пропорционалдық өсімінің көрсеткіші.

Энергияны үнемдеу мен тиімділігін арттыру автоматты түрде жаңғырту жұмыстарын жандандырады. Ол қалай? Мәселен, инновациялық жаңалықтарды, жаңа технологияларды енгізу арқылы өндіріс жаңарады. Құрылыс, әсіресе баспана құрылысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Көлік саласында ескі автокөліктер шектеліп, жаңа темір тұлпарлардың нарықты жаулауынан отандық автопарк жаңарады.

Бұл тек экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, әр қазақстандықтың әл-ауқатын да арттырады.

 

«4tagan.kz- ақпарат»

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 4,5 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛДАН БАСТАП АУЫЛ ХАЛҚЫНА 2,5%-ҒА ДЕЙІН МИКРОНЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.