Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау, қаланы жасыл желекпен көмкеру жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер мен Түркістан қаласының тұрғындары да атсалысуда. Олар демалыс күндері егілген көшеттердің түбін әктеп, қала аумағын күл-қоқыстан тазартады. Осылайша экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуде. Мамандардың айтуынша, алдағы екі-үш жылда Түркістан қаласының аумағы тал-дарақпен көмкеріліп, жасыл желекке айналады. Бұл орайда былтыр қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Жасыл аймақ», «Жасыл белдеу» құрылып, көне шаһарды қоршай ағаш көшеттері егілуде.
Түркістан қаласының қысы жайлы болғанымен жаздың аптап ыстық күні қасиетті мекенге келген жандар үшін ең өзекті мәселенің бірі.
Қоршаған орта дегеніміз – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта яғни адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін жануарлар, объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта. Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының адам денсаулығымен тығыз байланысты.
Адам — жаратылыс және қоршаған ортаны жасаушы, ол оның физикалық тіршілігін қамтамасыз етеді және оған интеллектуалды, адамгершілік, әлеуметтік және рухани даму мүмкіндіктерін ұсынады. Біздің ғаламшарымыздағы адамзаттың ұзақ және азапты эволюциясы барысында ғылым мен техниканың жедел дамуы нәтижесінде адам өзінің қоршаған ортасын сан алуан тәсілдермен және өзгерте алатын қабілетке ие болатын кезеңге жетті. Бұл — бұрын-соңды болмаған ауқым.
Адамның қоршаған ортасының табиғи және техногендік екі аспектісі де олардың әл-ауқаты және адамның негізгі құқықтарын, тіпті, өмір сүру құқығы үшін өте маңызды.
Адамзат өте ұзақ уақыттан бері Жер планетасының экожүйесін пайдаланып, жойып келеді. Әр үш секунд сайын әлем футбол алаңының, орман аумағының көлемін жоғалтады, өткен ғасырда планетаның сулы-батпақты жерлері мен маржан рифтерінің жартысы жойылды. Экожүйелердің жоғалуы әлемді орман мен шымтезек сияқты көміртекті раковиналардан айырады. Парниктік газдардың ғаламдық шығарындылары үш жыл қатарынан өсті, ал планета апаттық климаттың өзгеру мүмкіндігіне бір қадам қалды.
Сонымен қатар COVID-19 пайда болуы экожүйені жоғалтудың зардаптарының қаншалықты апатты болатынын көрсетті. Өкінішке қарай, жануарлардың табиғи тіршілік ету ортасын азайту арқылы біз патогендердің, соның ішінде коронавирустың таралуына жағдай жасадық.
Сондықтан алдағы уақытта әлем халықтарына тұрақты және тең құқылы дамуды белсенді түрде ілгерілетуге мүмкіндік беру керек, экологиялық мәселелерге көзқарастардың өзгеруінің негізгі қозғаушы күші өзіміз, біздің қоғам екендігі туралы түсінікті ілгерілету керек. Сондай-ақ мақсат — барлық елдер мен халықтардың болашағы қауіпсіз әрі гүлденуі үшін серіктестіктің пайдалы екендігін түсіндіру.
Бүгін әлемде дәстүрлі түрде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «халықтық іс-шара» болып табылады. Сондықтан көшелерде митингілер, велошеру, «жасыл» концерттер, мектептердегі очерктер мен плакаттар конкурстары, ағаш отырғызу, қоқыстарды қайта өңдеу және тазалау акциялары және түрлі-түсті шоулар ұйымдастырылады.
Көптеген елдерде бұл мереке жыл сайынғы іс-шараларға саяси деңгейде назар аударуға және бастамашылық ету үшін қолданылады, сонымен қатар қоршаған ортаға қатысты халықаралық конвенцияларға қол қоюға немесе ратификациялауға мүмкіндік береді.
Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері – адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар, атмосфераға адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Дәрігерлер адамдардың әртүрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін. Сондықтан да табиғаттың тазалығына қатаң көңіл аударған жөн.
Қоршаған ортаның ластануының алдын алу шаралары:
– Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азайтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.
– Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.
– Күнделікті тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне шығару, шығарылған қоқыстардың тек арнайы қоқыс тастау полигондарына шығарылуын қамтамасыз ету.
– Айналаны мейлінше көкалдандыру, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстарын жүргізу.
Осы сияқты қарапайым қағидалардың орындалуын бүкіл қоғам болып орындалуын қамтамасыз етер болсақ, қоршаған ортаның ластануының алдын алар едік. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлсе, өзіміздің жер анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
М.Әшірепиев.