ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 22 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барды. Тұрғындармен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.

28.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барды. Тұрғындармен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.
— Бүгін Отырар ауданына өңірдегі құқық қорғау органдарының, департамент пен басқарма басшылары түгел келіп отыр. Қабылдауға кіріп, пікірлеріңізді ашық айта аласыздар. Өтініштерді тыңдаймыз. Алдағы жоспарларға да арнайы тоқталамыз. Отырардың халқымыз үшін орны айрықша. Түркістанға жақын орналасуы – ауданның дамуына серпін береді. Ауданды, ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасын табады, — деген Дархан Сатыбалды әрбір өтінішті назарға алып, тиісті жауабын берді. Елдің ұсынысын, пікірін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан жол, мектеп мәселесі, тарихи Отырар кітапханасын жаңғырту, дәрігерлік амбулатория ашу, инфрақұрылым және өзге де ұсыныстарын жеткізді.
Дархан Сатыбалды Отырар ауданына сапарында Отырар ауылдық округі аумағынан салынып жатқан қуаттылығы 50 МВТ күн электр станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. «Arm Wind» ЖШС тапсырысымен салынып жатқан нысанның жоба құны – 14,7 млрд. теңге. Жоба толықтай іске қосылғанда 50 адам тұрақты, 310 адам маусымдық жұмыспен қамтылады. Келер жылдың басында пайдалануға беру жоспарланып отырған станция энергия тапшылығын азайтып, өңір экономикасына үлес қоспақ. Осы станция маңында кәсіпкерлермен жүздескен облыс әкімі олардың жобаларымен танысты. Кәсіпкерлікке әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.
Одан кейін өңір басшысы Шәуілдір ауылына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Шәуілдір ауылын табиғи газбен қамтитын газ құбыры жүйесі құрылысы 4 жыл жүргізіліп, биыл пайдалануға беріліп отыр. Оның құрылысы облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. Жалпы ұзындығы 78,414 шақырымды құрайды. Жоба аясында 1615 тұрғын үй (10 мыңға жуық адам) табиғи газбен қамтылады. Енді тұрғындар келіп тұрған газды үйлеріне кіргізуі тиіс. Басшыларға ризашылығын білдірген тұрғындар аудандағы игі істер жалғаса берсін деген тілектерін жеткізді.
Өңір басшысы Отырар аудандық «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де болды. Белсенді және салауатты өмір салтын ұстану, зейнет жасындағы қариялардың белсенділігін арттыру, зияткерлік, қоғамдық, шығармашылық өмірге тарту мақсатында ашылған орталықта 14 адам тұрақты түрде қызмет көрсетеді. 2022 жылдың 18 қаңтарынан бастап іске қосылған орталық қарттарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық және өзге де қызметтерді ұсынады. Аға буынның алаңсыз тынығуына барлық жағдай жасалған.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 63 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.