ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР — Төрттаған
Четверг, 22 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп, былтыр оның 6-ы пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7 316 шаршы метр ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 3 тұрғын үй биыл желтоқсан айында пайдалануға беріліп, 3 658 шаршы метр тұрғын үй тапсырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.

28.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп, былтыр оның 6-ы пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7 316 шаршы метр ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 3 тұрғын үй биыл желтоқсан айында пайдалануға беріліп, 3 658 шаршы метр тұрғын үй тапсырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.
Брифингте мәлім болғандай, экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 10 айында аудан бойынша 109 млрд 948 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2,5%-ға артқан. Аймақта 2 ірі, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Өнеркәсіп саласында 2022 жылдың басынан 35 млрд 687 млн теңгенің өнімі өндірілген.
— Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 14 млрд 624 млн теңгені құрады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан әкімдігі мен «SHYMKENTCEMENT» АҚ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес, 10 айда 21 шақырымды құрайтын Ақбастау, Киелітас, Алғабас елдімекендерін түнгі жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды, — деді Төлеген Тұртайұлы.
Жалпы аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны — 48,6 мың адам. Жұмыспен қамтылғандар саны — 46,2 мың.
— Биыл ауданда тұрақты жұмыс орындарына жалпы 1 700 азаматты жолдау жоспарланып, 1 957 азамат жұмыспен қамтылды. Жастар практикасына оқу орнын тәмамдаған жас түлектерді тәжірибе алу мақсатында 300 орын жоспарланып, аудандағы 54 мекемеге 306 азамат жолданды. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында нақты 38 азамат мекемелерге жолдама алды. Сонымен қатар, 200 АЕК мөлшеріндегі грантты 173 азамат алып, барлығы өз кәсіптерін жүргізуде, — деді аудан әкімі.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 6 елді мекенде 6 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 19 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ аудан орталығында №3 кәріз-тазарту құрылыс жұмыстары басталды.
— Биыл тұмса табиғатымен талайларды таңғалдырған Төлеби ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Мұнда туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Бұл сала айтарлықтай дамып келеді. «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауданда екі мектеп бой көтерді. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттык ұлттық жобасы әзірленуде. Жоба аясында Ленгірде 1500 орындық, Бірінші Мамырда 1500 орындық, Достықта 900 орындық, Көксәйекте 600 орындық, сондай-ақ Қосағашта 600 орындық жаңа мектептердің кұрылысы жоспарлануда, — деді аудан әкімі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.