ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ZHAS PROJECT» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ZHAS PROJECT» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Түркістан қаласындағы «Tob Tobe Grand Hall»-да «Zhas Project» гранттық жобасының қорытынды кеші мен үздік тәжірибелер форумы өтті.

23.11.2022
Руханият
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ZHAS PROJECT» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Tob Tobe Grand Hall»-да «Zhas Project» гранттық жобасының қорытынды кеші мен үздік тәжірибелер форумы өтті.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов қатысты.
Аталған жоба аясында Түркістан облысында 63 жоба іріктеліп, әрбір қатысушыға өз бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін грант бөлінген.
Салтанатты шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы аталған жобаның жас таланттар үшін үлкен қолдау болғанын атап өтті.
«Халқымызда «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қанатты сөз бар. Бүгін, міне, «Zhas Project» гранттық жобасының қорытынды кешінде білікті, талапты жастар үздік жобаларын ұсынып, өздерін кәсіпкер ретінде дамытуға мүмкіндік алып отыр. Барлығының жобасымен танысып шықтық. Оның ішінде нәрестелерге арналған массаж бен жөргек, сондай-ақ спорт саласы, тамақ өнімдері бойынша маңызды жобалар бар. Осылардың ішінде ұлттық спортымызды ұлықтаған садақ ату жобасы әсерлі болды. Жалпы, елімізде 3 млн, 5 млн көлемінде беріліп жатқан қайтарымсыз гранттар бар. Олардың басты шарттарының бірі — инновациялық болуы керек. Болашақта түркістандық жастардың қолынан шыққан инновациялық жобалар көбейеді деген сенімдеміз», — деді Бақыт Сәрсенбайұлы.
Қорытынды кеште Балжан Құдайбергеннің «IELTS Study Group» жобасы, Ильяс Марлиновтың «Блокты бағдарламалау» жобасы, Алуа Тұрсынханның «Көп реттік жөргек» жобасы, Кентау қаласында оқушыларды шахматқа баулаған мұғалім, тренер Асхат Шотаевтардың жобасы үздік деп танылды. Олар көпшілік алдында өздерінің жаңа жобаларын таныстырып, практикалық маңызына тоқталды.
«Біз жөргектерді көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін таратамыз. Ең бастысы экологиялық таза, бала денсаулығына аллергиялық әсері жоқ. Бір реттік жөргек — 200 теңге. Бір күнде 4 жөргек ауыстырсаңыз — 800 теңге. Айлық шығыны 24 мың теңгені құрайды. Бір үйде 3 бала болса, айына 50-70 мың теңге жұмсалады. Біздің жөргектер арқылы әр отбасы 50 мың теңгеге дейін үнемдей алады», — дейді кентаулық «Көп реттік жөргек» жобасының жетекшісі Алуа Тұрсынхан.
Айта кету керек, «Zhas Project» — әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18 жастан 28 жасқа дейінгі мүдделі жастарға бағытталған жоба.
«Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді, церебральды сал ауруы бар балаларға емдік атпен жүру сабақтары өткізіледі, сабындар, кептірілген жемістерден жасалған эко чипстер мен инкубация арқылы жұмыртқалар өндіріліп жатыр. Өңірімізде жобаның жастар арасында үлкен сұранысқа ие болуына байланысты алдағы уақытта гранттық жобалардың санын ұлғайтуды ұсынамыз», — дейді Түркістан облысы бойынша «Zhas Project» жобасының жетекшісі Дінислам Бимаханбетов.
Еске сала кетсек, жоба барысында шағын гранттарды іске асыру қорытындысы бойынша Түркістан облысында 18 білім беру курсы, 12 спорт секциясы, 6 наубайхана және кондитерлік шеберханасы, 6 тігін шеберханасы, 5 логопедиялық орталығы, 4 сұлулық салоны, 3 массаж кабинеті, 3 демалыс орталығы іске қосылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
14
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.