Тұтынушы өз құқығын қорғай білгені жөн — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұтынушы өз құқығын қорғай білгені жөн

11.10.2022
Жаңалықтар
0
Тұтынушы өз құқығын қорғай білгені жөн

Тұтынушы дегеніміз кім? Тұтынушы дегеніміз жеке өзі немесе отбасы пайдаланатын тауарға, сондай-ақ көрсетілетін қызметке тапсырыс беруші, яғни тауар, қызмет немесе жұмысты сатып алатын тұлға. Тұтынушылардың азаматтық құқықтары бұзылатын жағдайлар өмір болған соң кездеседі, тіпті жиі кездеседі. Бірақ, тұтынушылардың бәрі бірдей, өкінішке қарай заңды мүдделерін қорғау үшін қайда жүгінуге болатындығын біле бермейді.

Кез келген өнімді сатып алу немесе қызметке ақы төлеу арқылы біз ресми түрде сатып алу-сату мәмілесін жасаймыз. Оның ережелері азаматтық заңнамада белгіленген. Сатып алушыларға сапасыз зат ұсынған жағдайда сатушы өз әрекеттері үшін белгілі бір жауапкершілікке тартылуы керек.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қазақстанда тұтынушылардың құқығы бұрыннан қорғалады, дегенмен, соңғы жылдары бұл мәселе жаңа деңгейге көтерілді. Бұған қатысты жеті бастама қабылданып отыр. Оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институты мен бірыңғай ақпараттық жүйе құру сияқты өзгешеліктер бар. Бұған қоса ведомствоаралық кеңес құрылмақ. Яғни тұтынушылардың арыз-шағымдары үкіметтік деңгейде қаралатын болады. Мәселен, күнделікті тұтынып жүрген тамағыңызға қатысты айтайық. Ойламаған жерден сіздің тапсырыс берген тамағыңыздың ішіне кішкентай жәндік түсіп кетуі мүмкін ғой. Егер сіз жәндікті алған тағамыңызға ақша төлеп қойғаннан кейін байқасаңыз, онда бірден мейрамхананың әкімгеріне хабарлауыңыз керек. «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы ҚР Заңының 15-бабына сай, тұтынушы тағамды ауыстыруды немесе ақшасын қайтарып алуды талап ете алады. Сонымен қатар тұтынушы жәндікті фотоға түсіріп, оны аудандық немесе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жолдаса, олар тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, келеңсіз жағдайға жол бергені үшін тамақтандыру орнына айыппұл салады. Мұны базбіреулер ұсақ-түйек деп қарауы мүмкін, бірақ, осындай немкеттіліктің кесірінен көбіне тұтынушылар зардап шегіп жатады. Өз құқығын қорғай алмайтын тұтынушы соңында өзі кінәлі болып қалады. Тұтынушылар құқығы көп жағдайда заңды білмегендіктен бұзылып жатады. Сатушының маңызды міндеттерінің бірі – тұтынушының тауар (жұмыс, қызмет) туралы мемлекеттік тілде толық ақпарат беруі. Көбіне ақпараттар орыс тілінде беріледі. Негізі бір тілде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы №235-V Кодексінде егжей-тегжейлі айтылған. Онда сатушыдан, дайындаушыдан, орындаушыдан тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру заңдылығы көрсетілген.

Қазақстандағы тұтынушылардың саны 18,7 миллион адамды құрайды, олар күн сайын алты миллионнан аса тауарлар мен қызметтерді сатып алу транзакцияларын (кассалық-бақылау аппараты көмегімен бөлшек саудадағы операциялар саны) жүзеге асырады.

Қазіргі кезде тұтынушы нені, қашан, қай жерден сатып алу керектігі туралы шешім қабылдай отырып, қандай тауар өндіру керектігін анықтайды. Сатып алушылардың тауар таңдау еркіндігі жарнама, БАҚ, интернет желісі көмегі арқылы жақсы ақпараттануының арқасында күшейе түсті.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы қарқынды дамуда, әлеуметтік топтар саны үнемі өсу үстінде. Бұл тұтынушылардың жаңа сұраныстарының пайда болуына әсер етеді. Дамыған елдерде тұтынушылар құқығы абсолютті және оған ешкім қол сұға алмайды. Бұл өз құқығын қорғаудағы тұтынушылар қозғалысының дамуымен байланысты. Сонымен қатар, қазіргі таңда тұтынушылар құқығын қорғайтын жүзден аса қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп тұр. Тұтынушылар қоғамдары өнім туралы толық және нақты ақпарат алуда мемлекеттен қолдау тауып отыр.

Иә, әрбіріміз белгілі бір тауарлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табыламыз. Сондықтан әрбір азамат немесе азаматша тұтынушы ретіндегі өз құқықтарына аса жауапкершілікпен қарағандары жөн. Сол арқылы біз еліміздегі тұтынушылардың сапалы тауарларды тұтынудағы мүддесін қорғауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз.

Түркістан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮЛКІБАС: ШАҚПАҚ ЖӘНЕ ЖАБАҒЫЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазығұрт: Тұрбатта атқарылған шаруа көп

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.