ТҮРКІСТАН: «БӨРТЕ МИЛКА» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІГІНЕ 15 ТОННА СҮТ ӨНДІРЕДІ — Төрттаған
Среда, 16 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «БӨРТЕ МИЛКА» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІГІНЕ 15 ТОННА СҮТ ӨНДІРЕДІ

11.10.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «БӨРТЕ МИЛКА» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІГІНЕ 15 ТОННА СҮТ ӨНДІРЕДІ

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан облысында инновацияларды тиімді қолданып отырған кәсіпорындардың бірі — «Бөрте-Милка» сүт фермасы.
Тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 5 түрін шығарады. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастаған. Олармен келісім-шарт жасалған. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады. Фермада салқындату және жарық жүйесі, тіпті, камера орнатылған. Ал сүт өнімдері швед технологиясы бойынша өндіріледі.
Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының ең заманауи технологиясымен салынған.
Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады — сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау үшін және жағдайын саралап тұратын камералары орнатылған.
Фермада Селекция және генетика орталығы бар. Голштино-фриз тұқымын алғашқыда Венгриядан әкелген болса, қазіргі таңда өз жерімізде бұзаулар өсірілуде. Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 20% — өз қаражаты болса, 40% – несие, 40% — мемлекет көмегі. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 480 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Адамның көмегінсіз 8 робот-сауыншы 480 сиырды сауады. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 15 тонна сүт жиналуда.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевтың мәлімдеуінше, аталған сүт фермасына сұраныс артып, ауқымын кеңейтіп жатыр.
— «Бөрте-Милка» сүт фермасының өнімдері сапалылығымен ерекшеленеді. Сондықтан болар, 2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері», «Озат инвестициялық жоба», 2017-2018 жылдары қатарынан «Үздік инновациялық жоба», 2019 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Жыл бренді» номинацияларын және т.б. бірнеше номинацияларды жеңіп алған болатын. Ал биыл Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан қатысып жатқан сүт фермасы елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын, — деп атап өтті ол.
Айта кетейік, биыл бесінші ферманы салу жоспарлануда. Ол ферма моделі алдыңғы фермалардан ерекше болмақ. Онда төрт робот жұмыс істеп, тәулігіне 22 тонна сүт өндіреді деп көзделіп отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.