БАРЫС ЖЫЛЫНДА МАҚТАЛЫДА 13 КӨШЕ АСФАЛЬТАНАТЫН БОЛАДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАРЫС ЖЫЛЫНДА МАҚТАЛЫДА 13 КӨШЕ АСФАЛЬТАНАТЫН БОЛАДЫ

15.09.2022
Жаңалықтар
0
БАРЫС ЖЫЛЫНДА МАҚТАЛЫДА 13 КӨШЕ АСФАЛЬТАНАТЫН БОЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов бекітілген кестеге сәйкес Мақталы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ашық аспан астында №62 «Кенесары хан» атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында өткен жиынға «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов пен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.
Басқосуда ауылдық округті сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу, ескірген электр бағаналарын жаңарту бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлу, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Бұған дейінгі кездесулерде айтылған мәселелердің орындалу барысы таныстырылды.
Өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша Жайлаукөл елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, су беруші «Жетісай су» МКК-нің тарапынан 1 дана «Омега» су тазартқыш қондырғысын орнатылды. Сондай-ақ, Мақталы ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің жәшіктеріне және ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергіліктті бюджеттен 30,4 млн.теңге қаржы қарастырылып, су беруші «Жетісай су» МКК-нің тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егемен көшесі ағымдағы жылдың соңына дейін толық ауыз сумен қамтылатын болады.
Аграрлы аймақ үшін жеңілдетілген минералды тыңайтқыш пен ағын су мәселесінің оң шешім табуы өте маңызды. Мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген минералды тыңайтқыштарды алу «Qoldau.kz» электронды платформасында өтінім тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «ҚазАзот» АҚ тарапынан өтінім тапсырған шаруаларға аммиак селитрасын босату жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аммиак селитрасына өтінім тапсырып облыстық басқарма мен «Казазот» АҚ тарапынан мақұлданған жағдайда, «Казазот» АҚ тарапынан селитра шаруаларға босатылатын болады.
Мақталы ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 61,5 шақырымды құрайтын 73 ішкі көше орналасқан. Елді мекендер бойынша қанағат-танарлықсыз жағдайдағы ішкі көшелерге кезең-кезеңімен орташа және ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мақталы ауылдық округіне қарасты Мақталы және Жетісу елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 11,07 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда 3 көше толығымен асфальттанды, ал қалған көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен Алтынсарин елді мекенінде ұзындығы 500 м құрайтын Жоба-2 көшесіне ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын Алмалы, Дархан, Алтынсарин елді мекендеріндегі 3 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу үшін сметалық құжаттамалары жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Бюджет мүмкіндігіне қарай, бюджеттік комиссияның кезекті отырысына ұсынылатын болады.
Шолпанқұдық елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 0,4 кВ әуе желілері бағаналарымен қоса 2,4 шақырым «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі мекемесінің инвестициялық жобасы аясында 2025 жылы толықтай жаңартылады. Алтынсарин елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 0,4 кВ әуе желілері бағаналарымен қоса 3,0 шақырым «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі мекемесінің инвестициялық жобасы аясында 2026 жылы толықтай жаңартылады
Ашық жүздесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, аудан басшысының міндетін атқарушы Асан Жақыпбекұлы тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша сала мамандары мен бөлім басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.