ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Еліміздегі бірегей жоба - «Ұлы Дала Жорығы» атты республикалық марафон-бәйгесінің бүгін 9-шы күні. Бұл күні шабандоздар Созақ ауданының шекарасына келіп жетті. Мұнда олар 300 шақырымды шауып өтіп, Түркістан қаласына бет түзейді.

27.09.2022
Спорт
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Еліміздегі бірегей жоба — «Ұлы Дала Жорығы» атты республикалық марафон-бәйгесінің бүгін 9-шы күні. Бұл күні шабандоздар Созақ ауданының шекарасына келіп жетті. Мұнда олар 300 шақырымды шауып өтіп, Түркістан қаласына бет түзейді.
Марафонға қатысушылар бүгін Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекенінің маңына ат басын тіреді. Дүбірлі доданың 9-шы күні Түркістан облысының шабандоздары алғаш болып мәре сызығын қиды. Екінші орынды Маңғыстау облысы командасы келді. Үшінші орынды Ақтөбе облысы командасы жетті. Төртінші болып мәреге Қызылорда облысы командасы келді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының марафоншылары да мықтылар қатарында. Қазіргі таңда бас-аяғы 7 команда жарыс жолында келеді.
Марафон-бәйгеге қатысқан командаларды созақтықтар бар сән- салтанатымен күтіп алды. Қазақы дәстүрмен алдарына ас тартып, концерттік бағдарлама ұсынды.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау лебізін білдіріп, шабандоздарға сәттілік тіледі.
— Құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы талатын осынау 1200 шақырымдық ұзақ жолды жүріп өту жігіттің сұлтаны мен тұлпардың тұлпарына берілетін бақ. Марафон бәйгеде Түркістан облысының намысын созақтық шабандоздар қорғап жүргенін мақтанышпен айтамыз. Барлығы да жастайынан ат баптап, бәйге мен көкпарға шауып жүрген ауылдың атбегі азаматтары. Олардың жолына үмітпен қараймыз. Туған жердің топырағына тұлпардың тұяғы тиген соң нәтижелері де артады деп ойлаймын. Жүлделі орындардан көрінуге мүмкіндігі бар, — деді аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков.
Аталған жобаның авторы Бақытжан Тұрлыбеков отаншылдық, салауатты өмір және ұлттық құндылықтар төңірегінде мазмұнды ой қозғады.
— Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын оқығанда Кенесарының 4000 адаммен Созаққа алты күнде жеткені естеріңде болар. 2019 жылы Торғайдан Созаққа дейін 3 азамат 4 атпен 962 шақырымды 11 күнде жүріп өттік. Сонда қазақы қарабайыр аттардың мықтылығына таң қалдық. Осы марафон-бәйге өткізу идеясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев мырзаға айтып, қолдау тапты, — деді ол.
Марафон бәйгеге қатысушылар Созақ ауданының аумағына үш күн қонады. Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекені тұсында ат аяғын суытады. Одан соң Қаратау ауыл округінің Сарыжаз елді мекенінде ат басын тірейді. Одан ары қарай Шолаққорған ауыл округі, Абай елді мекеніне жол жүреді.
Шабандоздар 29 қыркүйек күні таңертең Түркістан қаласына бет алады. Марафон-бәйгенің нәтижесі осы қалада анықталады. Бүгінгі 9 күндік марафон бәйгенің нәтижесі төрешілердің есептеуімен кешкі сағат 22:00-ден соң белгілі болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТҚАН ӨЗГЕРІСТЕР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ
Спорт

ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

26.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.06.2025
4
Түркістанда алғаш рет  «Мұз шоуы» өтті
Спорт

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

05.05.2025
3
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

05.05.2025
4
«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Спорт

«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

20.03.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

11.09.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.