ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОДЫ 2022» INTERNATIONAL HUMAN CAPITAL FORUM» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОДЫ 2022» INTERNATIONAL HUMAN CAPITAL FORUM» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «Ынтымақтастық коды 2022» International Human Capital Forum» форумы басталды. Алқалы жиынды Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп өткізді. Оған Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті. Форумда Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев сөз сөйледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекетті дамытуда адами капиталдың маңызы зор екенін жеткізді.

09.06.2022
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОДЫ 2022» INTERNATIONAL HUMAN CAPITAL FORUM» ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

READ ALSO

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

Түркістанда «Ынтымақтастық коды 2022» International Human Capital Forum» форумы басталды. Алқалы жиынды Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп өткізді. Оған Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.
Форумда Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев сөз сөйледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекетті дамытуда адами капиталдың маңызы зор екенін жеткізді.
– Тарихы тереңде жатқан ерекше қала – Түркістан соңғы 3-4 жыл көлемінде қарқынды дамып, жаңа дәуірге аяқ басты. Бұл шаһарда ең басты екі құндылық бар. Олар: Қожа Ахмет Ясауидің ілімі, ислам дініне қосқан үлесі және түркі тілдес елдердің әдебиетінің қайнар бұлағына айналған еңбектері. Екіншіден, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кезінде ірі орталық болған қала қазір жаңғыру үдерісін бастан өткеруде. Сондықтан адам әлеуетін арттыру, мемлекеттік басқаруды тиімді ету, жұмыс өнімділігін жақсарту бағытында ізденіс керек. Форум өңір үшін маңызды тақырыптарды қозғады. Олардың бірі – адами ресурстардың, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен HR-секторда білікті мамандардың болуы. Түркістан дамып келеді, мұнда тек Қазақстанның басқа өңірлерінен ғана емес, шетелдік инвесторлар да жатыр. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді ұсыну, басқару бойынша біліміді молайту – уақыт талабы. Қаланы басқару үшін заманауи білімі бар білікті мамандар керек. Кез келген қоғамда, жүйеде, ұйымда кадрларды дұрыс таңдау, оларға меритократия заңымен қолдау көрсету маңызды, – деді Ө.Шөкеев.
Форумға АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина және Эстония мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, белгілі бизнес көшбасшылар, HR сарапшылар мен ғалымдар қатысып, маңызды баяндамалар жасады. Білгендерімен бөлісті. Басқосуда жаңа ахуал жағдайында қызметкерлерді жұмысқа тартып, оларды ынталандыру, адами капиталды дамыту жолдары талқыланды. «Мәдениет пен дәстүр мемлекеттік басқаруға қалай әсер етеді?» деген сұраққа жауап ізделді.
Қатысушылар HR саласындағы трендтер мен сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер, көшбасшылардың рөлі мен құндылықтар туралы және өзге де түрлі мәселелерді талқылады. Форум аясында алғаш рет өңірдегі мемлекеттік басқарудың дамуына тарихи-мәдени аспектілеріне арналған «Қоғам және басқару. Әл-Фарабиден жаңа ахуалға дейін» атты сессия өткізілді. Арнайы OYLAN сессиясы кезінде қатысушылар ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы нақты бизнес кейстерін шешуге қатысып, кәсіби дағдыларын көтерді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ordabasy: Кондитерлік дүкен ашып, табысын еселеуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН, ҚАЛАЛАРЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҮЙРЕТУ БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР ӨТІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12
ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

05.09.2024
7
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

23.08.2024
3
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

21.08.2024
3
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

10.08.2024
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.