Бүгін аудан орталығы Темірландағы Мәдениет үйінде Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдық мерекесіне арналған концерттік іс-шара өтті.
Айтулы мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл мен аудандық Мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық құттықтап, Семей полигонының ардагерлері және еңбегі сіңген бір топ әскери азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Шара барысында аудандық Мәдениет ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламалар мен әскери дайындық барысы сахналанды.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Айдос Мамырханұлы әкерилерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, бірқатар азаматтарды марапаттады.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі