Жансая Алтаева Шымкент қаласындағы №37 Фурқат атындағы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Бүгінде ол педагог-зерттеуші. Еңбек етіп келе жатқан жылдары талай жетістіктерге жетіп, республикалық сайыстарда мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Республикалық туристік-экспедициялық жасақтар слетінің жеңімпаз оқушыларын дайындаған ұстаздың өзге де жетістіктері жетерлі. Еңбек жолында 40 шәкірті түрлі деңгейдегі олимпиадаға қытысып, соның 17- сі республикалық білім бәйгесінде топ жарған.
Сапалы білім мен саналы ұрпақ тәриелеп отыған білікті маман тәжірибе бөлісу үшін география пәнін оқытуға бірнеше методиклық қолданба жазып шықты. Одан бөлек, қалада өтетін «Заманауи білім беруде адами капиталды дамыту мүмкіндіктері» атты ғылыми-практикалық конференциясында өз жобаларын ортаға салып отырады.
Ұлағатты ұстаз өзінің еңбек жолында оқушыларды ғылыми жобаларға бағыттауды белсенді түрде жүргізеді. 2021 жылы шәкірті жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Шәкірттерін ғылыми жобаға баулығаны үшін «Дарын» орталығының Алғыс хатмен марапатталған.
Осы оқу жылында 7-8 сынып оқитын шәкірттері жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасында жүлделі орындардан көрінді.
Бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, өнегесін шәкірттеріне арнаған Жансая Сейтқасымқызы мектеп ұжымы мен ата-аналардың құрметіне бөленген бөленген ұстаз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі