ОТЫРАРЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ — Төрттаған
Среда, 12 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТЫРАРЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

10.06.2026
Жаңалықтар
0
ОТЫРАРЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Марапаттау рәсімінде аудан басшысы аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам мен отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ұлт болашағын тәрбиелеп отырған аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін айтып, отбасыларына амандық, бала-шағаларына бақ-береке тіледі.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» – аналардың еселі еңбегі мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл марапаттар көпбалалы аналарға көрсетілген мемлекет қамқорлығы мен құрметінің белгісі. Ауданымызда бүгінде 703 «Алтын алқа», 1 373 «Күміс алқа» иегері және 66 «Батыр ана» бар. Бұл өңірдегі береке мен бірліктің, отбасы құндылықтарына деген адалдықтың айқын көрінісі. Осындай аналардың арқасында елімізде ұрпақ сабақтастығы сақталып, ұлттық тәрбиенің өзегі нығайып келеді»- деді аудан басшысы.

READ ALSO

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

Салтанатты шара барысында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектерін жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Салтанатты жиында көпбалалы аналардың өнегелі өмір жолы мен отбасы құндылықтарын дәріптеудегі еңбегі ерекше аталып өтті. Ана тәрбиесі – елдің ертеңін қалыптастыратын басты құндылықтардың бірі екені айтылды.

Сонымен қатар ауданда отбасы институтын нығайтуға, аналар мен балаларды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды тиімді іске асыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатқаны атап өтілді.

Шара барысында марапат иелері өзара пікір алмасып, көпбалалы отбасыларды қолдау бағытында көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. Олар ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы бірлігі мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне тоқталды.

Кездесу жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, аналардың қоғамдағы мәртебесін арттыру мен олардың еңбегін дәріптеудің маңыздылығы кеңінен сөз болды. Мұндай игі шаралар жас буынға отбасы құндылықтарын насихаттауға да оң әсерін тигізетіні айтылды.

Шара соңында марапат иелеріне зор денсаулық, шаңырақтарына құт-береке, ұрпақтарының қызығын көру тілегі білдіріліп, олардың елдің демографиялық өсімі мен рухани дамуына қосып жүрген үлесі әрдайым жоғары бағаланатыны атап өтілді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Жаңалықтар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

12.08.2026
6
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Жаңалықтар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

12.08.2026
5
Жаңалықтар

Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

10.08.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах

10.08.2026
6
Жаңалықтар

Об изменении подхода к осуществлению государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений

10.08.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

10.08.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.