КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ — Төрттаған
Вторник, 11 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

10.02.2025
Жаңалықтар
0
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық топ пен Жетісай ауданының прокуратурасының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және қылмыстың, жастар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері бойыша жиын өтті.
Іс-шараға Жетісай АПБ бастығы Ә.Сапарбеков, сервистік полиция тобының мүшесі, Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Б.Абдурахманов, аудан әкімінің орынбасары С.Пірімбеков, «Нұр Жетісай» мешітінің имамы Н.Джунисов, ауған соғысының ардагері, Мақтаарал аудандық сотының судьясы М.Құнанбай, Аудандық аурухананың нарколг дәрігері С.Дінтаева, Отбасын қолдау орталығының психологы Н.Сапарханұлы сынды білікті мамандар қатысты. Мұндай кәсіби тұлғалардың жиынға қатысуы шараның маңыздылығын арттыра түсті.
Сервистік полиция тобының мүшесі Б.Абдурахманов кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен олардың ата-аналарының жауапкершілігі туралы сөз қозғап, қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті.
Сонымен бірге, жиында қоғамда белең алып отырған суицид мәселесі де кеңінен қозғалды.
Соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, бүкіл қоғамды  дүр сілкіндіруі белең ала бастады. Осындай жайсыз хабарлар Республикамыздың барлық облыстарында орын алуда. Қазіргі таңда осындай дертпен ел болып, жұрт болып бірлесіп күресудің өзектілігі артып отыр.

Жиынға қатысқан психолог мамандар суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарды жан — жақты  зерделеді. Сонымен қатар адам баласының өз – өзіне қол жұмсауының негізі неде? Суицидтің алдын алу жолдары қандай? деген секілді көптеген сұрақтарға жауап іздеп тәжірбие алмасты. Дөңгелек үстелде пікір-талас, сараптамалық ізденістер мазмұнындағы ұсыныстармен бөліскен психолог мамандар, жалпы психология саласына қатысты зерделі зерттеулерге де тоқталып өтті.

Өз – өзіне қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен жан тынышсыздығынан туындайтын амал.

Сондықтан да, әр қараңғы түннен кейін жарық күн, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік бар екендігін түсіндіріп, қиналған кісінің жан дүниесін түсініп, құлазыған көңілге демеу болайық деді.

Жиын барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұл жиын кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін қоғамның белсенділігін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КИБЕРШАБУЫЛҒА ҚАРСЫ САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпараттар стилі

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.