КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ  — Төрттаған
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ 

21.02.2025
Жаңалықтар
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ 

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің ұйымдастырумен № 7 кәсіптік колледж студенттерімен өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты — өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін психологиялық қолдау көрсетіп, суицидтік мінез-құлықтың себептерін ерте анықтау және оған тиімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

Жаһандағы ең өткір проблемалардың бірі – суицид. Бұл дерт жастар арасында белең алып, көпті алаңдатып отыр.

Суицид. Бұл сөзді естігенде көбіміздің ойымызға жантүршігерлік жайттар елестейді. Соңғы статистикаларды қарай отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың күннен-күнге артып бара жатқанын байқауға болады. Айта кетерлік жайт, олардың көбісі – жасөспірімдер.

Суицидке көбінесе жалғыздық жетелейді дейді мамандар. Алайда, біздің жастарымызда қайдағы жалғыздық деген ой  туындайды. Осы сұраққа жауап алу үшін аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Зарина Қожмамбетовамен тілдескен болатынбыз. Оның айтуынша, ауданымызда соңғы жылдары суицид фактілері тіркелген жоқ. Бала үнемі ата-анасының қамқорлығында болып,  үнемі балаға көңіл бөліп отырса, балада жалғыздық сезімі туындамайды.

Зерттеулерге сәйкес, суицид туралы ойлайтын адамдардың өмір мен өлімге қатысты екіұшты сезімдерін сезінуі және олардың азаптарынан жеңілдік іздеуі сирек емес. Адам мұндай әрекетті осы сәттің әсерінен жасай алады және бірнеше күннен кейін өмір сүргісі келген кезде өледі.

Адамға психологиялық қолдау көрсету арқылы суицидтің алдын алуға болады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ аман қалған адамдарды тексеру барысында олардың көпшілігі кейіннен өлімнен құтылуға қуанышты екендігі атап өтілді.
Суицидке бейімділігі бар көптеген адамдар психикалық аурумен ауырмайды, ал психикалық ауытқулармен өмір сүретін көптеген адамдар өз өмірін жоғалтқысы келмейді.

Суицидке толы дағдарыстық жағдайларда өткір психологиялық стрестің, созылмалы ауырсынудың, зорлық-зомбылық тәжірибесінің, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік факторлардың болуы сияқты бірқатар себептік және ілеспе факторларды ескеру қажет.
Суицидтік мінез-құлықтың қарапайым түсіндірмесі жоқ. Бұл ешқашан жалғыз факторға немесе оқиғаға байланысты емес. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар өте көп және күрделі. Суицидтік мінез-құлықтың себептерін түсінуге тырысқанда физикалық және психикалық денсаулық жағдайын, өмірдегі стрестік оқиғаларды, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени факторларды ескеру қажет.

Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.

Әрбір суицидке баратын тұлға ең алдымен ниеттенеді, содан мақсат қойып, әрі қарай жоспарлайды дейді психологтар.

«Адам белгілі бір проблемаға тап болаған кезде,өзін тығырыққа тірелдім деп ойлайды.Осылайша, ар жағын ой елегінен өткізбей, оңай көз жұма салам деген шешім қабылдап жатады. Бұл әсіресе еркектер мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Адам көбінесе жалғыздықтан немесе қоғамдық ортадан  шеттелгендіктен өз-өзіне қол жұмсайды. Әрбір ата-ана өзінің баласымен тығыз қарым-қатынаста болса, бала қоғамға тез үйренеді,әрі жалғыздықтың не екенін білмей өседі. Баланың жеке тұлға болып қалыптасыуына ата-ананың үлесі зор. Бала өсіп келе жатқан кезде-ақ балаға біраз көңіл-бөлген жөн. Бұл жалғыздықтың алдын алатын алғашқы қадамдар болып есептеледі.Мектепте әрбір тұйық оқушымен жұмыс істеу ол біздің парызымыз және біз қолдан келгенше әрбір оқушымен қарым қатынаста болуға тырысамыз», – дейді психолог маман.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің алдын алу бойынша кездесу өтті 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН» САРЫАҒАШТА…

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
2
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.