Жалған ақпараттар стилі — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпараттар стилі

11.02.2025
Қоғам
0
Жалған ақпараттың қарапайым адамға қандай кері әсері бар?

Жалған ақпараттарды мәтіннің стилін ескере отырып жіктеудегі машиналық оқытудың өз алгоритмдері бар.

Жаңалықтарды талдаудың заманауи автоматтандырылған жүйелері, әдетте, үш ұстанымның біріне сәйкес жұмыс істейді:

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

  1. Мәтіннің мазмұнын емес, стилін талдау. Жалған ақпаратты таратушылар оқырмандарды әдейі адастыру үшін белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қалаған идеяларын таңуға тырысады және өздері де өтірік ақпаратпен ұсталып қалмау жолдарын қарастырады. Бұл белгілі бір стилисткалық ерекшеліктерден байқалады: жалғандықтың белгісі болымсыз етістіктердің қолдану жиілігі мен заңдылығы, сонымен қатар сөздік қор мен мәтіннің күрделілік деңгейі.
  2. Тарату аймағын талдау. Тарату әдісі белгілі бір жұқпалы аурулар, оның өршу мүмкіндігіне болжам жасау кезіндегі жедел таратылатын ақпараттарға ұқсайды.
  3. Тұтынушылардың белсенділігін талдау. Әдіс оқырмандардың жалған ақпараттардың пайда болуына және таралуына қатысын бағалауға құрылған. Қолданушылар екі топқа бөлінеді: фейк жасау мен оны таратудан пайда көретін «қылмыскерлер» және еш мақсатсыз фейк тарататын қарапайым қолданушылар.

Бүгінгі таңда тақырыптарды, мәтінді, мультимедиалық мазмұнды, метадеректерді және басқа параметрлерді лингвистикалық талдауды орындау үшін машиналық оқыту үлгілерін пайдаланатын бірқатар қызметтер қолжетімді. Мұндай сервистерді (FakeBox, FightHoax, TrulyMedia, SocialTruth және т.б.) тестілеу кезінде дәлдік деңгейі 95%-дан асты.

Жалған ақпараттарды мәтіннің стилін ескере отырып жіктеудегі машиналық оқытудың өз алгоритмдері бар. Олар: тірек векторлар әдісі, k-ең жақын көршілер әдісі, логистикалық регрессия, «кездейсоқ орман» әдісі, «аңғал Байес үлгісі», жасанды нейрондық желілер, терең оқу әдістері.

Осы әдістердің барлығы жақсы нәтижелер көрсете алады. Бірақ әртүрлі деректер жинақтарында (жалған жаңалықтарды тану кезінде де, басқа жіктеу тапсырмаларында да) өзін жақсы дәлелдеген әдістер – логистикалық регрессия, Байес үлгілері және терең оқыту екені дәлелденген.

Фейк жаңалықтар замануи медиакеңістікте кеңінен таралғанын атап айтуымыз керек. Қазақстан жағдайында жалған ақпаратттар көбінесе әлеуметтік желілер арқылы таралатынын байқап жүрміз. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында бұл жағынан сүзгінің, журналистер тарапынан шындыққа сай ақпаратты жариялау керектігі туралы жауапкершіліктің бар екендігі сезіледі. Мәселен, жақын күндері әлеуметтік желілер мен жекелеген топтарда «белгілі Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың Германиядағы мазары бұзылғалы жатыр» деген жалған ақпарат желдей есті. Мұстафа Шоқайдың мүрдесін тез арада елге жеткізу мәселесі көтеріле бастады. Кейін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров: «Зират орнында, ешкім оған тиіскен жоқ. Елшіліктің қызметкері барып тағы да тексеріп қайтты, зираттың басышылғымен сөйлесті» деп ақпараттың жалған екендігін растады. Осы орайда республикалық «Aiqyn» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Гүлзина Бектас Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеп жүрген мұстафатанушы, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкірмен «Сіз не дейсіз?» деген айдар аясында едел-жедел сұхбат ұйымдастырып, бұл тақырыпты одан әрі тереңдете зерттей бастады. Бұл сұхбатында ғалым «Аруақты қозғамайық. Мұстафа атамыз қазір Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты байланыстырып жатыр» деген пікірін айтады. Қазақ баспасөзінде жалған ақпараттардың түп-төркінін зерттеу – журналистік зерттеулерге ұласып, бұрын белгісіз болып келген ақпараттардың ашылуына түрткі болады деуге толық негіз бар. Яғни мұндағы айтпағымыз – Мұстафа Шоқайдың зираты туралы жалған ақпарат таралмаса, басылым бұл тақырыпты дәл осы кезде қозғай қоюы екіталай еді.

Көп жағдайларда фейк жаңалықтардың артында адамдар мен белгілі бір топтардың саяси, қаржылық, басқа да мүдделері жасырулы тұрады. Оның тарихына үңілсек, Дьюк университетінің (АҚШ) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Журналистика сериясы ISSN:2616-7174, eISSN:2663-2500 50 № 2(143)/2023 журналистік зерттеу орталығының 2021 жылғы мәліметінше, «әлемде деректердің дұрыстығын тексеретін 391 жоба бар екен. Оның 378-і қазір жұмыс істеуде». Ал одан төрт жыл бұрынғы дерек бойынша, «Фактчек форматында жұмыс жасайтын алғашқы ресурстар осыдан 30 жылдай бұрын пайда болған, қазіргі кезде әлем бойынша олардың саны 114… Латын Америкасы, Африка құрлығы, Батыс Еуропа елдерінде өз фактчекинг платформалары бар. Ең ірі фактчек-ресурстар желісі АҚШ елінде, олардың саны 30-дан асады. Шығыс Еуропа елдерінде фактчек Чехия, Польша, Литва мемлекеттерінде бар. 2014 жылы фактчекбасылымдары Грузияда, ал 2015 жылы Украинада пайда болды».

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпараттармен, манипуляциямен күресу

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.