“Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы” — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы”

12.02.2025
Жаңалықтар
0
“Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы”

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖББМ-де оқушылармен кездесу өткізілді.
Мақсаты жастар мен жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің, нашақорлықтың, жастар арасындағы суицидтік сезімдердің және аутодеструктивті мінез-құлықтың және қоғам дертіне айналған лудоманияның алдын алу.
Жиынға “Жастар ресурстық орталығының” психологтары Жазира Қайратқызы, Айгерім Жұмалиева аудандық орталық емхананың акушер-гинекологы Ақшақыз Абзейтова және мектеп медбикелеру мен психологы қатысты.
Білім берудің қай түрі болмасын –тәрбие. Бүгінгі күнгі тәрбиенің біртұтастығын сақтауда әлі де нақты шешімі табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын  ескеруіміз керек. Тәрбие саласындағы мәселелердің қатарына өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы ерекше ден қояр мәселелердің бірі. Әдетте жиі қолданылып жүретін «қоғам мен мектеп»  байланысы деген сөз тіркестерінің астарында отбасы, оқушының денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы өз өмірін басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтар жатыр.   Осы орайда мектеп қабырғасындағы тәрбие мәселесі дұрыс жолға қойылуы керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс-әрекетін үйлестіруге тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет.
Шара барысында күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде жастар мен спикерлер арасында ашық сұрақ-жауап болып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Аға буын жастарға ақыл-кеңес айтумен қатар, жастардың да ойы қоғам үшін аса маңызды екенін тілге тиек етті.
Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ,   уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу  — осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді.
Бір суицидтің салдары: көптеген жасөспірімнің санасы уланады

Суицид індетінің біз ойлағаннан да терең салдары бар. Бұл тек қана бір адамның жарық дүниемен қоштасуы емес, қоғам үшін де орны толмас әлеуметтік, экономикалық шығын.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бір ғана суицидтің салдары 10-20 жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқының қалыптасуына, 100-200 жасөспірімді суицидтік санаға алып келетіндігін анықтап отыр.

Психологиялық тұрғыда қалыптаспаған, кәмелеттік жасқа толмаған балаға оның замандасы не танысы өз-өзіне қол жұмсаған тұста «мүмкін емес» нәрсе «мүмкіндей» көрінеді. Саналы не бейсаналы түрде ол өзін қайтыс болған адамның орнына қойып көруі мүмкін: біреуге бұл «ұнап қалуы мүмкін», ал өзгесі мұндай ойлардан шошынып, мәңгілікке арылуы мүмкін. Алайда, көпшіліктің қайғысы «назар аудару» ретінде жалғыз, өмірден түңілген, бәрінен бас тартқан жасөспірімді өзіне тартады. Осылайша, бір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі басқа да жағдайларды туындатады.

Балалар мен жасөспірімдердің суициді олардың отбасыларының мүшелеріне айтарлықтай әсер етеді. Әркім өзіне-өзі «мен кінәлі емеспін бе?» деген сұрақты қойып,  өзінің марқұммен қарым-қатынасын еске алып, әрбір болған жанжалда өзін кінәлі санап, «субъективті» шешім жасайды. Соның салдарынан, психологиялық ауруға душар болып, күйзеліс, депрессияға ұшырап, тіпті кейбір жағдайларда өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Сөйтіп, жасөспірімдер суициді үлкендердің өз-өзіне қол жұмсауына себеп болады.

Тағы да бір үлкен зардаптардың бірі — жасөспірімдер арасындағы суицид ел экономикасына үлкен қиындық туғызады. Жас өскіннің өз-өзіне қол жұмсауы қоғамымыздың болашақтағы белсенді халқынан айырып, ел демографиясына әсер етеді. Ресми деректер бойынша Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды (мұның тек тіркелген жағдайлар екендігін айта кеткен жөн).

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Генерал Мұрат Қабденов: “Әр күні жұмыстан қайтқанда өзіңізге баға беріңіз!”

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтықтың бір түрі кеңінен таралуда

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.