Антифрод-орталығы ашылды — Төрттаған
Среда, 9 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Антифрод-орталығы ашылды

13.02.2025
Қоғам
0
Антифрод-орталығы ашылды

Алаяқтық транзакциялар туралы деректер алмасу орталығы – антифрод орталық өткен жылы әзірленген болатын. Осы уақыт ішінде оның жұмысы жетілдірілді, деректер жиналып, сараптамалық бағалау жүргізілді. 2024 жылғы 5 тамызда ҚР Ұлттық Банкі оның толық іске қосқанын хабарлады. Антифрод-орталығы алаяқтық белгісі бар операцияларға қарсы әрекет ету үшін құрылған. Қаржы ұйымдарына алаяқтыққа тән операцияларды анықтауға және бұғаттауға, алаяқтық белгісі бар операцияларға жедел әрекет етуге, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға да мүмкіндік береді. Антифрод-орталықтың жұмысы алаяқтық операциялар бойынша бірыңғай деректер базасын жүргізуді де көздейді. Осы орталықтың жұмысы жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Не үшін қажет?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Антифрод орталықтың басты міндеті – алаяқтық операцияларға қарсы тұру. Бұл алаяқтық транзакцияларды анықтау және бұғаттау, алаяқтық белгілері бар операцияларға жедел ден қою және алаяқтық операциялардың бірыңғай дерекқорын жүргізу.

Бірақ ең бастысы – қатысушылар, яғни реттеушілер, мемлекеттік органдар және қаржы нарығына қатысушылар арасында ақпарат алмасу нақты уақыт режимінде болады, бұл кез келген күдікті қаржылық транзакцияларға ден қоюдың жеделдігін айтарлықтай арттырады.

Пайдасы қандай?

Антифрод-орталық нәтижелерін көрсете бастады. Платформа іске қосылған сәттен бері қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық инцидент анықтап, шамамен 30 миллион теңге сомаға қаражат бұғатталды.

Антифрод-орталықты одан әрі дамыту кезінде ашық интерфейстер (API) пайдаланылады, бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл платформаның функционалы мен қамтуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, күдікті транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлануда.

Осылайша, антифрод-орталық ең алдымен күдікті ақша аударымдарын, жалған онлайн кредиттер алуды және басқа да күмәнді операцияларды бұғаттайды. Бұл шаралар азаматтардың ақшасын үнемдеуге айтарлықтай көмектеседі.

Нені білу керек?

Антифрод-орталықтың қызметкерлері мен өкілдері ешқашан жеке тұлғаларға ақпарат жинау немесе қандай да бір операциялар жасау үшін қоңырау шалмайды. Антифрод-орталық жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасамайды, қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен ғана жұмыс істейді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтардың негізгі қауіпсіздік ережелері:

— Егер сізге Антифрод-орталығының қызметкері деп таныстырған адам қоңырау шалса, дереу сөйлесуді тоқтатып, құқық қорғау органдарына қоңырау туралы хабарлауыңыз керек. Есіңізде болсын, Антифрод-орталықтың немесе қаржы ұйымдарының қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Бұл құпия мәліметтер алаяқтарға ғана қажет. Егер сіз күмәндансаңыз, банкіңіздің байланыс орталығының ресми нөміріне хабарласыңыз.

— Егер сізге құқық қорғау органының қызметкерімін деп біреу қоңырау шалса, сабыр сақтап, мән-жайды анықтаңыз. Әлеуетті күдіктінің қай полиция бөлімшесінде екенін, оған қандай бап жүктелгенін, іс-әрекеттің қашан жасалғанын, адвокаттың көмегі берілген-берілмегенін және онымен қалай байланысуға болатынын сұраңыз. Сонымен бірге атын атаған ұйымның: ҚР ІІМ немесе аудандық полиция бөлімшесінің жедел желісіне өзіңіз қоңырау шалуыңыз керек.

— Жеке деректеріңізді, банк картасының деректемелерін, әсіресе оның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодын (артқы жағындағы үш сан, карточканың түпнұсқалығын тексеру коды), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын, жасалған операцияны: төлемді, аударымды және т.б. растау үшін SMS/push-кодты ешқашан және ешкімге айтпаңыз. Ешқашан және ешкімге интернет-банкингтегі немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетіңіздің құпиясөзін бермеңіз.

Өзіңізді және ақшаңызды қаржылық алаяқтардан қорғау үшін цифрлық гигиенаны сақтап, кеңестерімізді орындаңыз!

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтықтың бір түрі кеңінен таралуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.