Алаяқтарының құрбаны болмау үшін не істеу керек? — Төрттаған
Вторник, 8 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтарының құрбаны болмау үшін не істеу керек?

16.02.2025
Қоғам
0
Интернет-алаяқтар балаларды қандай тәсілдермен алдайды?

Алаяқтықтың алдын алу — бүгінгі таңда барлығымыз үшін өзекті мәселе. Әсіресе интернеттің дамуымен алаяқтар санының артуы дабыл қағуда. Қазақстанда әр күн сайын алаяқтардан зардап шегетін адамдардың саны артуда, сондықтан алаяқтықтан сақтану үшін әрбір азаматтың хабардар болуы өте маңызды. Осы жобада алаяқтықтан қорғаудың маңызды шаралары, сонымен қатар алаяқтардың тактикасы мен методологиясы қарастырылады. Жоба барысында мынадай аспектілер зерттеледі: жеке ақпаратты қорғау, күмән тудыратын ақпараттарға жауап бермеу, интернет-ресурстардың сенімділігін тексеру және құқық қорғау органдарына хабарласудың маңыздылығы. Нәтижесінде, азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін пайдалы ақпараттарымен бөлісетін буклет әзірленеді.

Бас тартуға болатын ұсыныстар: алаяқтар адамдарды қалай алдайды.
Алаяқтар қоғамдық өмірдегі үрдістер мен қаржы нарығындағы жаңалықтарды бақылап отырады, сондықтан да олар әдістері мен схемаларын үнемі жетілдіріп отырады. Қаскүнемдер өздеріне қажетті ақпаратты алса, аңғал адамдардың қалтасын бірнеше минуттың ішінде қағып алады. Бұл жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады. «Кредит беруге ерікті тыйым салуды орнатуға көмектесеміз»

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

2024 жылғы ақпаннан бастап азаматтардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы заңнамалық түрде енгізілді. Бұл – арнайы қорғау тетігі, оның көмегімен әрбір қазақстандық банктер мен микроқаржы ұйымдарында жаңа кредиттер алуға өз бетінше тыйым сала алады. Алаяқтар бұл жаңалықты пайдаланбай қоймады – олар ерекше алдау схемасын жасады.

Банк қызметкерінің атын жамылған қаскүнемдер ықтимал құрбанына қоңырау шалып, қазіргі уақытта оның атына кредит алуға өтініш берілгенін хабарлайды. Қоңырау шалушы: «Сіздің кредит алғыңыз келгені рас па?» деп  сұрақ қояды. Әдетте, азаматтар ешқандай өтініш бермегенін айтып, бастарын ала қашады. Алаяқ осындай жауаптың боларын болжап, кредитке берілген өтінімнің күшін жойғанын хабарлайды, содан кейін алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмас үшін «Стоп кредит» қызметін пайдалануға кеңес береді. Ол үшін банктің ресми сайтына сілтеме жібереді, ал азамат кредиттен ерікті түрде бас тартуды белгілеу үшін сондағы нысанды толтыруы қажет.

Шын мәнінде, бұл сілтеме жеке және қаржылық ақпаратты жинау үшін құрылған фишингтік сайтқа апарады. Осы сайттағы нысанды толтырғаннан кейін тұтынушылар алаяқтарға өздерінің дербес деректерін береді.

Кеңес: кредиттер беруге өз бетінше тыйымды банктердің сайттарында емес, электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе eGov мобильді қосымшасында қоюға болады. Сондықтан да алаяқтардың айла-шарғыларына берілмеңіз, қоңырау шалушы бейтаныс адамдарға нұсқау беріп, SMS немесе мессенджерлер арқылы түсініксіз сілтемелерге өтуді кеңес берген кезде өте мұқият әрі сақ болыңыз.

«Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты қайта ресімдейік»

Алаяқтар азаматтарға ұялы байланыс операторы қызметкерлерінің атын жамылып телефон шалып, абонент нөмірінің жақын арада қолданысы тоқтайтынын хабарлайды.

Байланыссыз қалмау үшін азаматтарға онлайн-форматта байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты қайта ресімдеуге кеңес береді. Ол үшін ұялы телефонға белгілі бір сандар комбинациясын теріп, ұялы байланыс операторы-мыс жіберген SMS-кодты хабарлау қажет.

Егер сіз қаскүнемдерге сеніп, олардың айтқанының бәрін істесеңіз, қоңыраулар мен мәтіндік хабарларды, оның ішінде банктердің SMS-кодтарын алаяқтардың нөмірлеріне автоматты түрде бағыттауды іске қосасыз. Бұл оларға банктік шотыңызды қашықтан басқаруға қол жеткізіп, одан қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді.

Кеңес: Мұндай телефон қоңырауы түскен кезде әңгімені тоқтатыңыз. Егер сіз сөйлесуді жалғастырсаңыз және сөйлесу кезінде телефоныңызға жеке кабинеттен SMS-код келсе, оны ешкімге айтпаңыз.

Мобильді байланыс операторына қолдау қызметіне оның ресми сайтында көрсетілген нөмір бойынша өзіңіз қоңырау шалыңыз.

«Мен саған лалагүл сыйлаймын…»

1-қыркүйек қарсаңында кейбір қазақстандықтар гүлдерді әлеуметтік желілер арқылы жеткізуге тапсырыс береді.

Соған байланысты фишингке тап болмас үшін, абай болу керек. Қаскүнемдер сырттай түпнұсқаларға ұқсайтын жалған интернет-дүкендер жасап, гүлдерді сату туралы хабарландырулар орналастырады, төмен бағамен гүл шоқтарын ұсынады. Сол бағаға қала бойынша, тіпті бүкіл ел бойынша жеткізу құны да қосылуы мүмкін.

Әдетте, азаматтардың көпшілігі тауардың бар-жоғына көз жеткізбестен, бірден тауар ақысын аударып не электрондық әмиянға салып жібереді. Нәтижесінде, алаяқтар ақша келіп түскеннен кейін телефондардын бұғаттайды және жарнамадан алып тастайды, ал адресаттарда не ақша, не гүл жоқ болып қала береді.

Алаяқтықтың тағы бір стандартты емес схемасы гүл жеткізумен байланысты. Қаскүнемдер азаматтарға қоңырау шалып, оларға шоқ гүлінің жеткізілгенін және оны алу үшін ұялы телефонына жіберілген SMS-кодты айту керектігін айтады. Мұның арты неге апаратынын болжау қиын емес.

Кеңес: Егер сіз тауарды онлайн сатып алғыңыз келсе, сайттың шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің сайтында ғана емес, сонымен қатар танымал іздеу жүйелері арқылы өнім туралы пікірлерді мұқият оқып шығыңыз.

Жалған пікірлерді тану қиын емес. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі  дүкен парақшасының қанша уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанына назар аударыңыз.

Қаржы алаяқтарының құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Ақшаға қатысты кез келген ұсынысты мұқият зерделеңіз және маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға ешқашан асықпаңыз.

Ешқашан бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді айтпаңыз, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.

Картаңыздың толық мәліметтерін ешкімге бермеңіз немесе оның суреттерін интернетте жарияламаңыз. Егер біреу сізге ақша аударғысы келсе, оларға карта нөмірін немесе телефон нөмірін айту жеткілікті.

Транзакциялар бойынша деректерін жедел алу үшін SMS/Push-хабарландыру сервисін қосыңыз. Егер сіз жасамаған операция туралы хабарлама келсе, растау кодын енгізбеңіз, банкке қоңырау шалыңыз және ақпаратты нақтылаңыз.

Төлем картаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) қосыңыз.

Егер сіз тауарды онлайн сатып алғыңыз келсе, сайттың шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз және мекенжай жолағында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS-тен басталады және жанында  жабық құлып белгісі болуы керек.

Интернетте сатып алуға ғана арналған жеке карта ашып қойыңыз.

Егер сіз күмәнді сайтта карта деректерін енгізсеңіз немесе оларды алаяқтарға қателесіп айтып қойсаңыз, картаны бұғаттау үшін банкке қоңырау шалыңыз.

Сайттардағы электрондық пошталар мен жеке кабинеттер үшін күрделі құпиясөздерді қолданыңыз және оларды ешкімге айтпаңыз. Құпиясөздер әр түрлі, бас және кіші әріптермен, сандармен және арнайы таңбалармен аралас болуы керек.

Электрондық құрылғыларға күмәнді бағдарламаларды орнатудан аулақ болыңыз.

Интернет-банкинг сервистерін қосатын құрылғыларда лицензиясы бар вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды пайдаланыңыз.

Сақ болыңыз, алаяқтардың арандатуына берілмеңіз және қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТӨЛЕБИДЕ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! АБАЙЛАҢЫЗ АЛАЯҚТАР!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.