Банктен келген жалған хабарламалар — Төрттаған
Суббота, 10 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Банктен келген жалған хабарламалар

27.01.2025
Қоғам
0
Алаяқтық схемалары туралы

Қауіпті SMS: алаяқтар азаматтарды алдау үшін мәтіндік хабарламаларды қалай пайдаланады?

SMS — алаяқтардың алаяқтық схемаларында қолданатын құралдардың біріне айналып отыр. Бұл жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Банктен келген жалған хабарламалар

SMS мысалдары: «Сіздің картаңыз бұғатталды», «Сіздің шотыңыз арқылы күдікті транзакциялар жүргізілуде», «Дереу өз деректеріңізді растаңыз».

Көп жағдайда алаяқтық хабарламаларда банктің қосарланған- сайтына  сілтемелер болады, алайда оның домендік атауы түпнұсқадан өзгеше болып келеді – бұл бір әріп немесе артық сандар болуы мүмкін. Мысалы, www.4bank.kz орнына www.4banc.kz. Егер адам сілтемеге өтіп, өз деректерімен  бөліссе, бұл ақпарат автоматты түрде алаяқтардың қолына түседі.

Не істеу керек?

• SMS арқылы келетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және әрдайым өзіңіздің банкіңіздің браузердегі сайтының атауын қолмен теріңіз;
• егер SMS-те нөмір көрсетілген болса, қоңырау шалмаңыз – алаяқтар адамның психологиясын жақсы біледі және сізді алдау олар үшін қиынға соқпайды. Дұрысы, ресми нөмір бойынша банктің колл-орталығына қоңырау шалып, жағдайды тікелей хабарлаңыз;
• өз телефоныңызда банктің мобильдік қосымшасын тексеріңіз – онда ақша операцияларының барлығы көрсетілген және онда картаның бұғатталғаны немесе ақшаның аударылғаны туралы ақпарат міндетті түрде шығады.

Лотереядағы ұтыс немесе акциялар туралы хабарламалар

SMS мысалы: «Сіз лотереядан автокөлік ұттыңыз, оны алу үшін сілтемеге өтіңіз».

Өзіңіздің ұтыс ойынына қатысқаныңызды білмей, жеңіске жету мүмкін емес – ұйымдастырушылар сырттан келген адамдардың жеңісіне мүдделі емес. Сондықтан мұндай хабарлама келсе сіз бірден секем алуыңыз қажет.

Не істеу керек?

сілтемелерге өтпеңіз және карта деректерін енгізбеңіз – шынайы лотереялар салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етпейді;

ұтыс ойыны туралы ақпаратты ресми сайттар мен әлеуметтік желілерден тексеріңіз. Тіпті сізге ұтыс ойыны шынайы көрінсе де, сілтеме арқылы жеке мәліметтеріңізді енгізуге асықпаңыз;

күмәнді сайттарға жеке құжат деректерін немесе банк картасының толық деректемелерін, оның ішінде үш таңбалы құпия код пен жарамдылық мерзімін жарияламаңыз. Шынайы лотерея ұйымдастырушылары мұндай құпия деректерді қажет етпейді – бұл заңсыз әрекет.

 

Әлеуметтік желілерге қатысты жалған хабарлар

SMS мысалы: «Сіздің аккаунтыңыз бұзылды, жеке басыңызды растаңыз және құпиясөзді ауыстырыңыз».

Алдыңғы алаяқтық әдістер сияқты, бұл нұсқа да әлеуметтік желілердегі фишингтік бетке зиянды сілтеме арқылы өтуге бағытталған. Мұндай жағдайда ойланып барып әрекет жасаңыз: егер әлеуметтік желідегі аккаунтыңызға кіруде нақты қиындықтар туындаса, қолдау көрсету қызметі хабарламаны үшінші тарап арқылы емес, қосымша арқылы жібереді.

Не істеу керек?

құпиясөздерді тек ресми сайттар немесе қосымшалар арқылы өзгертіңіз. Сілтеме арқылы өту – алаяқтардың айласы, нағыз қолдау көрсету қызметі бұлай жасамайды;

екі факторлы аутентификацияны қосыңыз, тіпті алаяқтар құпиясөзді білсе де, бұл аккаунтыңызды бұзудан қорғауға көмектеседі;

сілтеме бойынша өткен жағдайда сайттың қауіпсіздігін тексеріңіз: сайт шынайы болса, https-тен басталады және браузердегі мекенжайдың жанында құлып бейнесі болады. «s» (secure – қауіпсіз) белгісі жоқ мекенжайлар зиянды және жалған сайттар болып табылады.

Аударымдарға қатысты алаяқтық

SMS мысалы: «Мен Сізге қателесіп ақша аудардым, өтініш, оны қайтарыңызшы».

Бұл алаяқтықта оқиғалар екі схемамен дамуы мүмкін: сізден тағы да сілтеме арқылы өту және ақша аудару сұралады  не сізге шынымен де ақша аударылды және сізден банктің қосымшасында аударымды рәсімдеу ұсынылады. Екінші жағдайда сіз алаяқтық схеманың үшінші тарабы боласыз – осылайша жалған сатушылар әрекет етеді: сатып алушы тауарды төлейді, бірақ жалған дүкен шоты арқылы емес, сіз арқылы – алаяқтар сіздің деректеріңізді берді. Егер бірден полицияға хабарласпасаңыз, күмәнді аударым туралы сіз қылмысқа қатысушы-мыс болуыңыз мүмкін.

Не істеу керек?

қате аударым туралы хабарлама алғаннан кейін, банктің ресми қосымшасы арқылы балансты дереу тексеріңіз. Егер аударым нақты жасалған болса, онда ол операцияларда көрсетіледі;

ақшаны қайта аудармаңыз – қате жасалған аударымды банк арқылы және сіздің қатысуыңызсыз қайтаруға сұрату жібере отырып күшін жоюға болады. Сонымен қатар, бірқатар банкте қаражат аударылғаннан кейін де «аударымнан бас тарту» опциясы бар;

тағы бір рет – сілтемелер бойынша өтпеңіз және күдікті сайттарда өз деректеріңізбен бөліспеңіз. Мұның барлығы сіздің ақшаңызға қол жеткізу үшін жасалған алаяқтардың айласы.

Fingramota.kz ұсынған бірнеше қарапайым кеңес:

Біріншіден, телефоныңыздағы антивирустық БҚ үнемі қолданыңыз және үнемі жаңартып отырыңыз — олар фишингтік сілтемелерді бұғаттайды.

Екіншіден, телефоныңыздың және қосымшаларыңыздың баптауларын тексеріп, банк және басқа аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз, ол деректеріңізді рұқсатсыз қол жеткізуден қорғайды.

Үшіншіден, алаяқтар кез-келген нөмірді бұрмалауды бұрыннан үйренген, тіпті банктер мен басқа ұйымдардың ресми нөмірлерінен қауіпті SMS жібере алады, сондай-ақ олардың атынан қоңырау шала алатыны есіңізде болсын.

Назар аударыңыз! Қаскүнемдер өздерін кез-келген адам ретінде көрсетеді: егер олар бір жыл бұрын банктердің, полицияның және ҰҚК қызметкерлері деп таныстаған болса, қазір олар салық, коммуналдық қызметтер, курьерлер, жедел жәрдем қызметкерлері, әуежай, клинингтік компаниялар және т. б. Қызметкерлері деп таныстыратын болған. Оларға сіздің жеке деректеріңіз қажет – төлем карточкасының деректемелері ғана емес, сонымен қатар алаяқтар сіздің атыңызға жалған кредит ресімдей алатын SMS-код қажет.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржылық пирамидаға байланысты жиі қойылатын сұрақтар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтардың зейнеткерлерге ойлап тапқан жаңа айласы

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
424

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.