Түркістан облысы аумағында интернет-алаяқтық жайттарының алдын алу және болдырмау мақсатында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.
Іс-шараның аясында облыс полиция қызметкерлері тұрғындарға және мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге интернет-алаяқтық қылмыстарға тосқауыл қою туралы шаралармен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.
Сондай-ақ интернет-алаяқтық жол бермеу мақсатында жайттарының алдын алу қарсы күрес, ақпараттық техникалық құралдарды пайдалана отырып, жасалатын өзге де құқық бұзушылықтардың жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сәйкесінше Пполиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс тұрғындарына интернет-алаяқтықтың құрбану болудан сақтау үшін Егов қосымшасы арқылы несиеге, микрокредиттерге ерікті түрде өздерінің келісімдерімен бастарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қызметкерлерге, зейнеткерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әрбір жиынға қатысушы азаматтарға өздерінің ағайын-туыс бауырларына интернет-алаяқтықтың алдын алу түсіндірме жұмыстарын жетізілулері сұралуда.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу шарасында әлеуметтік желілерге бейнероликтер салынып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жарияланып, облыс тұрғындарына интернет-алақтық бойынша арнайы бейнероликтер арқылы және түсіндірме қағаздары таратылуда.
Алаяқтық қылмысының құрбаны болмас үшін:
— Әлеуметтік желілерде күмәнді мәмілелер жасаудан бас тартыңыз;
— Тауарды сатып алу немесе сату кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз;
— Белгісіз адамға ақша аударымдарын жасамаңыз;
— Бөгде адамдарға банк картасының нөмірін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен құпия сөздерді хабарламаңыз.
— Күмәнді сілтемелерге кірмеңіз!
— Жеңіл жолмен табыс табу ұсыныстарына сенбеңіз!
— Банктен немесе мемлекеттік органдардан келген күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз!
— Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді, банк картасының деректерін айтпаңыз!
Күмәндансаңыз, 102 нөміріне хабарласып, құқық қорғау органдарынан кеңес алыңыз!
Сақ болыңыз! Өз қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!