Жолдау-2024: Аграрлық салаға ерекше қамқорлық қажет — Төрттаған
Четверг, 29 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жолдау-2024: Аграрлық салаға ерекше қамқорлық қажет

09.09.2024
Қоғам
0
Жолдау-2024: Аграрлық салаға ерекше қамқорлық қажет

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған  биылғы Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет» деп ерекше атап өтті. Биыл еліміз үшін оңай жыл болған жоқ. Тасқын судың салдарынан аграрлық сектор да көп зардап шекті. Соған қарамастан диқандарымыз егін егу жұмысын дер кезінде аяқтады. Президент оларға зор ризашылығын білдірді.
Биылғы егіс науқанына екі есе көп қаржы жұмсалуда. Агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл шығынның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Салаға коммерциялық банктердің қаражатын тарту мәселесі көтерілді. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Мемлекет басшысы осы тәжірибені банктерге қатысты да қолдану керек деді. Әрине, мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайлатуға  жол ашады.
– Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда, шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сондай-ақ, Жолдауда «Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін, егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екенін, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық және ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет» деп айтылды. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар салада аз кездеспейді.
Ауыл шаруашылығы саласын  дамыту үшін алдымен түрлі кедергілерді жою маңызды. Оларды неғұрлым тез жойсақ, соғұрлым мақсатқа да жылдам жетеміз. Аграрлық сала мемлекеттік қамқорлыққа мұқтаж. Саланы көтерсек ауыл шаруашылығы өнімдері көбейіп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де шешіле бастайды. Мал да арзандар еді.
Түйткілдерді анықтау үшін стратегиялық бағдарламалар дайындалып, салаға нақты жоспар керек. Қазақстан – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығы саласы – ықылым заманнан негізгі сала, сондықтан оның дамығаны маңызды. Кеңес дәуірінің өзінде Қазақстан астық өсіруден алдыңғы қатарда болды. Қазақ төрт түлік малмен күн көрген. Қазір ет өндірісін дамыту қолға алынды. Алайда, елдің потенциалы бұдан да жоғары екенін білеміз. Нарықтық экономикаға сай бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру маңызды. Ауыл шаруашылығы саласын  қолдап, бірінші кезекте ауылдарға қажетті агро-техникалар сатып алуға  субсидия берілуі қажет.
Түркістан облысы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын және қуаңшылық аймақтарда ауыл маңында екпе жайылымдарды қалпына келтіруге ауыспалы жайылым жүйесін жасауға тұқым шаруашылығын (семеноводческое хозяйство) мемлекеттік немесе жекеменшік серіктестік ретінде құру қажет.
Облыс көлемінде меринос және қаракөл қой тұқымдарының кеміп кетуіне байланысты, осы аталған қой тұқымдарының текті қорын сақтап қалу мақсатында мемлекеттік тұрғыда дербес субсидиялауды, яғни қаржылай қолдауды қамтамасыз етуді жан-жақты шешуді қарастыратын уақыт жетті.
Ауыл шаруашылығы саласын кешенді дамытудағы тиімді жобалардың бірі – кооперациялардың жұмысын жолға қою. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында орналасқан кооперативтер бүгінде бір айда 3–3,5 мың тоннадай ет өндіреді. Бұл республикадағы ет өнімінің 30 пайызын құрайды.
Аймақтың суармалы жерлерінде топырақтың екінші тұздануын тоқтату жолында жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуы тиіс.
Ұлттық аграрлық ғылым академиясы «Шымкент» орталығының академиктері көпшілікті Жолдауда айтылған міндеттерді бір кісідей жұмыла атқаруға шақырады.
Жәнібек ПАРЖАНОВ,
Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі,
профессор.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жолдау-2024: Тың құндылықтар қалыптасуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.