Түркістан: қала әкімінің қатысуымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті — Төрттаған
Суббота, 12 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан: қала әкімінің қатысуымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті

18.06.2024
Жаңалықтар
0
Түркістан: қала әкімінің қатысуымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов – құқықбұзушылықтың алдын алу және қоқыстар бойынша салынған айыппұлдар, қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова — оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қалалық Төтенше жағдай басқармасының басшысы Асқар Сейсенов — шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы, қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаев — облыс әкімінің және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, халықпен кездесу және жеке қабылдау нәтижесімен берілген тапсырмалардың орындалуы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ердаулет Төрехан жұмысшы топ анықтаған кемшіліктердің орындалу барысы туралы баяндады.
Қала әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына сай, құзырлы мекемелер тарапынан шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыс атқарылған. Жоспарда нақтыланған 18 іс-шараның 8-і жүзеге асып, есебі ұсынылды. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан Арыс-Түркістан каналы бойына 15 дана — шомылуға тыйым салу хабарлама тақтайшасы, 10 шлюз алдына қорғаныш торы орнатылды.
Төтенше жағдай басқармасы, полиция басқармасы және 6 сектор менгірушілерімен бірлесіп халыққа қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша Отырар, Бірлік, Оралман аумақтарында 7 рет рейд ұйымдастырылып, 500 жадынама парақшасы таратылды. Белгіленбеген орында шомылған 1 азаматқа Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 412- бабымен айыппұл салынып, 365-1 бабымен 5 азаматқа ескерту берілген.
Мәжіліс барысында ұсынылған келесі мәліметке сүйенсек, Полиция басқармасы маусым айында ортақ пайдалану орындарын ластаған 228 азаматты анықтап, ӘҚБтК 434-2 бабымен айыппұл салған. Абаттандыру қағидатын бұзған 83 азаматқа шара көрілген. Сонымен қатар, Жол жабындысын бүлдіру бойынша 11 дерек тіркеліп, ӘҚБтК 630-бабымен айыппұл рәсімделген.
Шаһар басшысы жұмысшы топ ұсынған кемшіліктерді зерделеп, көгалдандыру, абаттандыру жұмысына жауапты мамандарға ескерту жасады. Сондай-ақ, секторларға «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында аумақтарда сенбіліктерді тұрақты жалғастыруды тапсырды:
— Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау әлі де тыйылар емес. Анықтау, айыппұл салу жұмысын күшейту керек. Полиция үлгермеген жерде сектор мамандары көмекші болуы тиіс. Бұл істе қоғамдық бақылауды жүйелеген дұрыс, — дей келе, тазалықты қадағалауға жергілікті белсенді азаматтарды жұмылдыруға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысымен қала әкімінің тапсырма-жоспары толықтырылып, қайта бекітілді.

Сонымен бірге, жуырда қала әкімі әкімі Нұрбол Тұрашбеков Тәукехан көшесінде орналасқан Жастар орталығының құрылысын бақылап, жұмыс сапасын тексерді.

Қазіргі таңда ғимаратта ішкі өңдеу жұмыстары соңына таяп, жиһаздар орналастырылуда. Айналасын абаттандыру ісі қарқын алды. Нысанды аралап, дайындығын қадағалаған шаһар басшысы жауапты басшылар мен мердігерге ғимараттың жылу жүйесіне баса мән беруді ескертті.
Нысан таяу күндері пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, орталықта арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр жасақталады. Сонымен қатар, электронды кітапхана, үйірмеге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды зал жастардың игілігіне ұсынылатын болады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицид туралы ойлайтын адамға қалай көмектесуге болады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицидтің алдын алу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.