Қазіргі таңда алаяқтықтың сан алуан түрі бар, тіпті тәжірибелі, ақылды адамдардың өзі алдаудың құрбаны болып жатыр. Алаяқтармен күресудегі басты ереже – сақтық пен сананың сергектігі. Жарнамада көрсетілетін жеңіл ақша мен байлық туралы лездік уәделерге сенбеңіз, деп жазады orda.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Қаржы пирамидасының белгілері
1. Қомақты табыс табуға уәде беру: Қаржы пирамидалары ешқандай тәуекелсіз мол табысқа кенелтуді жиі уәде етеді. Олар сізді салған инвестицияңыз қысқа мерзім ішінде екі, я одан да көп есе артатынына сендіруі мүмкін.
2. Жаңа серіктестер тартуға тәуелділік: Қаржы пирамидасының қатысушылары, әдетте, жаңа серіктестер тарту арқылы табыс табады. Олар пирамида моделіне сәйкес әрбір шақырылған адам үшін комиссия немесе бонус алып отырады.
3. Шынайы өнімнің немесе қызметтің болмауы: Әдетте, қаржы пирамидаларында сатуға болатын өнім немесе қызмет түрі болмайды. Түсетін табыс жаңа қатысушылардың салымына ғана негізделгендіктен, бұл жүйе тұрақсыз болып табылады.
4. Ашықтықтың болмауы: Қатысушыларға жүйенің қалай жұмыс істейтінін де, табыс табу механизмін де ашып түсіндірмейді.
5. Реттеуші ұйымдарда тіркелмейді: Қаржы пирамидалары, әдетте, тіркелмеген немесе реттеуші ұйымдардың тиісті лицензиясын алмағандықтан, заңсыз болып табылады.
6. Қауіптің жоғары деңгейі: Қаржы пирамидасына салымшы болу қаржылық тұрғыдан өте қауіпті. Қатысушылардың аз ғана бөлігі табыс тауып, көпшілігі өз қаражатынан айырылады.
Егер сіз жоғарыда айтылған белгілері бар инвестициялық ұсыныс алсаңыз, ұйымның заңды әрі сенімді екендігіне көз жеткізу үшін қаржы кеңесшілерімен немесе реттеуші ұйымдармен ақылдасыңыз, мұқият зерттеңіз.
Қаржы пирамидасын қалай күшейтуге болады? Аталмыш жүйеге заңсыз тауарлар мен жосықсыз ақпарат өнімдерін қосса, жетіп жатыр. Пирамидалардың ең көп таралған «өнімі» – ББҚ болып табылады. Өйткені, Қазақстан аумағында ББҚ-ға рұқсат етілген және өзіндік айналым ережесі бар.
Қазақстан Республикасы аумағында ББҚ айналымына қойылатын талаптар
ББҚ айналымы азық-түлік өнімдерін өндіретін және олардың жарамдылық мерзімі мен сақталу шарттары келісілген нысандардың тізіліміне енген, өндіріс нысанына (өндіру) есептік нөмір берілгендігі жөнінде Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда ғана рұқсат етіледі. Заңды және жеке тұлғалар, ББҚ өндіруші жеке кәсіпкерлер ББҚ сатып алушыларға және уәкілетті органдардың талабы бойынша adilet. zan. kz -тегі Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 8, 11 заңдарының 2 пунктіне, 10 ст., 25 ст. сәйкес ББҚ және оны сатушы (өндіруші) туралы толық, сенімді ақпарат қамтылған, ББҚ-ның қауіпсіз екендігін куәландыратын құжаттар ұсынады.
adilet. zan. kz-тің 2 бөл., 11 пунктіне сәйкес келесі ББҚ өндірісі жүзеге асырылмайды:
● Мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
● Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
● Жүзеге асыруға тиісті жағдайлар жасалмаса;
● Заңтаңбасы болмаса, сондай-ақ заңтаңбада көрсетілген ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмесе;
● Заңтаңбада 17 пунктің талаптарына сәйкес келетін ақпарат көрсетілмесе.
Сертификаты жоқ ББҚ сату ұйымдастырушылар үшін де, жалпы қатысушылар үшін де заң тұрғысынан айтарлықтай қиындықтарға әкеліп соқтырады. Алайда, аталмыш желінің өнімге тиесілі сертификаты болмаса, ал өзі MLM атын жамылған пирамида болса, жағдай мүлде ушығып кетуі мүмкін.
MLM-қаржы пирамидаларының кесірінен бірнеше тарап зардап шегеді. Біріншіден, қатысушылар жалған, я артық бағаланған өнімге немесе уәде етілген табысқа ақша салады. Ал пирамида күйреуге ұшырағанда, инвестициясынан да, қаражатынан да айырылады. Екіншіден, мұндай жүйелер отбасылық және достық қарым-қатынастарға селкеу түсіреді. Адамдарды жеке және кәсіби байланыстары арқылы тартқандықтан, алаяқтыққа тап болғанда, түрлі дау-жанжал туындап, арақатынастар үзілуі мүмкін. Үшіншіден, көптеген MLM-пирамидалар заңды «айналып өтіп», қатысушыларын алдап соғудан тайынбайтындықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылу әбден ықтимал. Төртіншіден, қатысушылар үнемі агрессивті маркетинг пен қулық-сұмдыққа тап болады. Соңғысы, мұндай жүйелер шынайы құндылықтар немесе тауарлар ұсынбай, тек жаңа серіктестер тартуға бағытталғандықтан, қаржының азаюына ұрынады. Бұдан шығатын қорытынды, MLM-қаржы пирамидаларына салымшы болу қатысушылар үшін де, барлығы үшін де өте қауіпті.
Адамдар осыдан сабақ алып, 30 жылдың ішінде желілік маркетинг пен қаржы пирамидасын ажыратып үйренсе керек еді. Бірақ, қайдам… көптеген мысалдарға қарамастан, адамдар әді де «жылдам баюды» көздеп, қаржы пирамидаларының қазынасын толтырумен келеді. Қазірдің өзінде, 2023 жылдың шілде айында сіз бұл мақаланы оқып отырғанда, қоғамда бірнеше аптадан бері «Aster. LTD» жобасы өз ісін бастауға белсенді дайындалуда.