Елді алаңдатқан интернет алаяқтық — Төрттаған
Вторник, 13 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Елді алаңдатқан интернет алаяқтық

16.06.2024
Қоғам
0
Алаяқтардың кезекті әрекеті
Интернет-алаяқтық және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың саны күн сайын артып келеді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың шегі жоқ екені мәлім. Біздің еліміздің ғана емес, Орталық Азия мен Еуропаның да сенгіш азаматтары бұр тұзаққа қайта-қайта түсуде.
Бүгінде интернет алаяқтарымен күрес жүргізу құқық қорғау органдарының негізігі қызметі саналады. Әккі алаяқ­тар ұрлық пиғылдарын заманауи технология, яғни смартфон, компьютер арқылы интернет желісін қолданушының қаражатын ұрлау бойынша жүзеге асырады. Осы күні көпшілік жекелеген қызмет түрлерін ғаламтор желісінен алу­ға бейім. Соның салдарынан алаяқтық қылмысының саны арта түсуде. Алаяқтыққа барған жандар әлеуметтік желі қол­данушысының жеке ақпаратын алып, басқа тұлғалар­дың есеп-шотына қаражат аудару үшін әрекеттенеді.
Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтансаң сақтаймын деген.
Дүние жүзі және ел аумағында орын алған пандемиялық ахуалдарға байланысты, көптеген қаржылық және өзге сауда айналымдары онлайн форматта жүзеге асты. Соның салдарынан әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтардың саны күн санап артып, жәбірленушілер көбейді. Соңғы уақытта ғаламтор арқылы түрлі жарнамалар таратып, жеңіл жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейді. Олар адамдарға сенімсіз сілтемелер жіберіп ақшаны еселеп беруге уәде етеді. Немесе екінші деңгейлі банктер мен ірі компанияларға инвестиция салу арқылы тез арада қаржыңызды көбейтіп, көлік немесе пәтер алуды ұсынады. Полицейлердің айтуынша интернет алаяқтар күн сайын ақша табудың жаңа әдісін ойлап табуда. Соңғысында олар, адамдардан екінші деңгейлі банк карталарын ашып, жалға немесе сатып алуға ұсыныс жасап жүр. Оның себебін, «крипто валюта алып-сатамын, сізге ешқандай зияным тимейді. Тек картаны бізге сатсаңыз болды» деп түсіндіреді. Алайда сол арқылы сіздің жеке мәліметтеріңізді иеленіп, басыңызға қара бұлт төндіретінін ескеріңіз. Шын мәнінде, банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сізге қоңырау шалып жеке мәліметтеріңізді сұрамайды. Тез арада ақша еселеп, кезексіз пәтер немесе көлік алу мүмкін емес. Мұның бәрі алаяқтардың айласы. Аталған қылмыстың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарлаңыз.

Полиция қызметкерлері өз деректерін қылмыстық пайдаланудан қорғау үшін бірнеше кеңес берді:

– төлем картасының деректемелерін (жарамдылық мерзімі, CVV/CVS, ПИН-код) ешкімге бермеңіз және атамаңыз;

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

– SMS-тен кодтарды хабарламаңыз;

– біреудің өтінішімен мобильді банкингідегі телефон нөмірін өзгертпеңіз;

– мобильді банкингіден логин мен пароль бермеңіз;

– белгісіз біреулердің жіберген хаттарындағы сілтемелерге өтпеңіз;

– егер олар ресми сайттардан жүктелмеген болса, белгісіз бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз.

Деректеріңіз зиянкестердің қолына түсті деген күдік туындаған бетте 102 нөміріне қоңырау шалу керек. Егер өзіңіздің шоттарыңызбен сіздің қатысыңызсыз операциялар жүргізіліп жатқанын байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет-алаяқтардың әдістері мен түрлері уақыт сайын күрделене түсуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа заң қабылданды: не өзгерді, жағдай қалай болмақ?

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
426

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
198
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
156
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.