Жұмыс қарастырған кезде де алаяқтар жолығып жатады — Төрттаған
Суббота, 16 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жұмыс қарастырған кезде де алаяқтар жолығып жатады

31.05.2024
Қоғам
0
Жұмыс қарастырған кезде де алаяқтар жолығып жатады

Жұмыс іздеушілер жұмыс қарастырған кезде делдалдар мен жалған жұмыс берушілерге жиі жолығып жатады. Рекрутинг алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеуге және күмәнді ұсыныстарды қалай танып-білуге болатынын Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз, деп жазады online.fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

№ 1 схема. Мессенджерлер арқылы «жұмысқа орналасу»

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Telegram және WhatsApp сияқты мессенджерлерде жұмыс ұсынатын көптеген арналар мен топтық чаттар бар. Алайда, әлеуетті жұмыс берушіні таңдауда мұқият болу керек және ешқандай жағдайда ешкімге жеке деректеріңізді жібермеу керек. Мысалы, мессенджерде сізге қандай да бір интернет-дүкеннің тауарларына оң пікірлер жазу туралы жұмыс ұсынылды делік. Бір пікір – 2 000 теңге, ал жұмыс беруші сіз күніне 200 000 теңге ақша таба аласыз деп уәде береді. Сіз келісесіз, содан кейін сізден жеке куәлігіңіздің суретін, банк карточкасының суретін және тіркелген мекенжайыңызды жіберуді сұрайды. Сіз бірнеше күн жұмыс істеуіңіз мүмкін, тіпті ақша да аласыз, бірақ содан кейін олар сізбен байланысын тоқтатады. Уақыт өте келе сізге банктен қоңырау шалып, ай сайынғы кредит жарнасын төлеуді талап етеді. Полицияда бірдеңені дәлелдеуіңіз екіталай, себебі қарыз алу кезінде сіз өзіңіз жұмыс берушіге жіберген барлық қажетті деректерді бергенсіз.

№ 2 схема. Әлеуметтік желілер мен маркетплейстер арқылы «жұмысқа орналасу»

Алаяқтар түрлі әлеуметтік желілер арқылы жұмысқа орналасуға белсенді шақыратын жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтық схемасы мынадай: азаматтарды қызығарлық ұсыныстармен жұмысқа орналасуға шақырады. Егер қызығушылық танытып, көрсетілген нөмірге немесе тікелей аккаунтқа жазсаңыз, сізден шағын тестілік тапсырманы орындауды және көрсетілген шотқа «кепіл» ретінде азғантай сома аударуды сұрайды және бұл сома жай ғана формальды екеніне және оны төлегеннен кейін сізге теріп берген мәтіндер үшін бірден қаламақы беріледі деп сендіреді. Ақшаны аударғаннан кейін алаяқтар сізді бұғаттайды және орындаған тапсырма үшін төлемді де, аударған кепіл жарнаңызды да ала алмайсыз.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде маркетплейстерде ақша табу курстарын жиі кездестіруге болады. Алаяқтар мұны да пайдаланып қалуға тырысып бағуда және алдаудың жаңа схемасын жасап үлгерді: оның мәні мынада – Сіз танымал интернет-дүкендердің жалған веб-сайтына кіріп, қызметкер ретінде тіркелуіңіз керек.

Алайда, тіркелу кезінде Сізден телефон нөмірін көрсету және балансты толтыру талап етіледі. Осылайша, алаяқтар азаматтардың төлем карточкаларының деректерін қолды етеді. Бұған дейін алаяқтар адамдардың деректерін пікіртерімнен өткені үшін ақша төлеуді уәде етіп алатын.

№ 3 схема. Алдымен жеке деректер – содан кейін «жұмысқа орналасу»!

Алаяқтардың бірінші міндеті – жұмыс іздеп жүрген адамды құрығына түсіру. Жұмысқа аламыз деп кепілдік беру – бұл нақты әрі тартымды тұжырым. Мысалы, адамға жеделдетілген бағдарлама бойынша оқудан өту ұсынылады, содан кейін ол 100% қызметке қабылданады-мыс. Жұмысқа тұрушы оқудың немесе курстың ақысын төлейді, ал төлемді алғаннан кейін жалған жұмыс беруші ізін суытады. Нәтижесінде – жұмыс та жоқ, кепілдік те жоқ.

Сізге рекрутер қоңырау шалып немесе жазып, белгісіз бір компанияға жұмысқа шақырады. Содан кейін ол жеке куәліктің көшірмесін және жеке деректері бар басқа құжаттарды жіберуді сұрайды, жеке нөмірге келетін
SMS-код арқылы еңбек шартына қол қою қажет деп алдайды. Шын мәнінде бұл деректер сіздің атыңызға кредит алу үшін қажет.

Мұндай жағдайларда қарапайым ережені есте сақтау маңызды – адал жұмыс беруші немесе қашықтан кадрларды іріктеу агенттігі еңбек шартын SMS-код арқылы қол қою жолымен рәсімдемейді. Бұл тек алаяқтар болуы мүмкін!

Жалған жұмыс берушілер мен жалған сатып алушылардан сақтану жөнінде Fingramota.kz-тің ұсынымдары.

Жұмыс берушілерді үнемі тексеріңіз – оны жүзеге асыруға арнайы қызметтер, сондай-ақ интернетте іздеу көмектеседі. Алаяқтардан зардап шеккендер әлеуметтік желілерде өз бастарынан өткен оқиғалармен жиі бөлісіп отырады, ал мамандар сұхбаттарында ұсынымдар береді – сізге жұмыс ұсынғандарды «қара тізімнен» кездестіруіңіз ғажап емес.
Өзіңіздің дербес деректеріңізді ешқашан жібермеңіз  – шынайы жұмыс беруші сізден картаңызды нөмірін немесе жеке куәлігіңізді сұратпайды, ол оған қажет емес. Сіз түйіндемеде көрсеткен деректер мен бұрынғы жұмыс орныңыздан берілген ұсынымдар оған жеткілікті.
Кепіл төлеуге келіспеңіз  – компанияға білікті қызметкерлер тартуға мүдделі адамдар мұндай схемамен жұмыс істемейді. Шын мәнісінде, сізден тест тапсырмасын орындауыңызды сұраулары мүмкін, әдетте, егер сіздің жұмысыңыз  олардың көңілдерінен шықса, штатқа алулары мүмкін.
Рекрутерден компания жөнінде ақпарат сұратыңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз – көп жағдайда алаяқтар сізге толыққанды жауап бере алмайды немесе сөйлесуді доғарады, себебі олар дайындалған адаммен өзара қарым-қатынасқа түсуге мүдделі емес.
Күмәнді сайттарға кірмеңіз және онда дербес деректеріңізді енгізбеңіз – алаяқтардың қолына неғұрлым көп ақпарат түссе, оларға сіздің картаңызды «тазалау» соғұрлым жеңілірек болады. Тағы да ескертеміз: нақты жұмыс беруші жұмысқа орналасудың мұндай күрделі схемаларын қолданбайды.
Жұмыс берушінің сөйлесу мәнеріне назар аударыңыз – алаяқтар көп жағдайда алдын-ала жазылған сценарийлер бойынша әрекет етеді және олардың сөйлесу мәнері қарапайым адамдардың сөйлесуінен өзгеше болады.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ, ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаляқтардан сақтанудың әдістері

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.