Суицид – бұл барлық жастағы адамға әсер ететін өзекті жаһандық проблема. Суицидті ойлау мен өзін-өзі өлтірудің ауыртпалығы жеке адамға, отбасына және қоғамға айтарлықтай зиян тигізеді. Сол себепті бұл мәселе мемлекеттің, медициналық мекемелердің, психологтардың және басқа да мамандардың шұғыл назар аударуын талап етеді. Бұл туралы nege.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.
Теориялық тұрғыдан өз-өзіне қол жұмсау өте қауіпті, бірақ алдын алуға болатын және болжауға болатын құбылыс. Өз-өзіне қол жұмсау 15 жастан 25 жасқа дейін және егде жаста – 70 жастан кейін жиі болатыны анықталды. Статистикаға сәйкес, әлемде өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан жыл сайынғы өлім-жітім барлық өлімнің шамамен 1%-ын құрайды. Ерлердің әйелдерге қарағанда өз-өзіне қол жұмсау ықтималдығы 4 есе жоғары. Суицид салдарынан қайтыс болған адамдардың 90%-дан астамында психикалық патологиялардың, терең күйзеліске түскені анықталған.
Суицидтік мінез-құлық ғасырлар бойы зерттелгенімен, бүгінгі таңда суицидтің биологиялық табиғатын түсіндіретін бірде-бір теория жоқ.
Әртүрлі концепциялардың ішінде суицидтің үш негізгі теориясын бөліп көрсетуге болады. Олар: психопатологиялық, психологиялық және социологиялық.
Адамның өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлауына бірнеше себеп бар.
Психиканың бұзылуы. Оған психикалық денсаулықтың негізгі жағдайлары, соның ішінде депрессия, мазасыздық, биполярлық бұзылыс және есірткі пайдалану жатады. Бұл жағдайлардың барлығы өз-өзіне қол жұмсау туралы ойды айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Экономикалық тұрақсыздық және кедейлік. Суицидке баратындардың көпшілігі кедейліктің зардабына шыдамай, мәселені осы жолмен шешуді ойлайды. Олардың болашаққа деген үміті болмайды. Өзгелерге және банк алдындағы қарызы артып кеткен жағдайда өзін-өзі өлтіруді жиі ойлай бастайды.