Қаржылық және құқықтық сауатты болуы керек — Төрттаған
Понедельник, 11 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржылық және құқықтық сауатты болуы керек

23.04.2024
Қоғам
0

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:
— Көптеген адамдардың жеке деректері интернет беттерінде, әлеуметтік желілерде ашық көрсетіліп жатады. Олар осы сіздің деректеріңізді алады да, екінші деңгейлі банктердің қолдау қызметіне хабарласып айтады: «Мен өзімнің карточкамды жоғалтып алдым, бұғаттай тұрыңызшы», — дейді. Әрине, банктің қауіпсіздік қызметі оны бұғаттайды. Бұғаттаған бойда сол адамның жеке номеріне хабарласады да: «Сізге өндірістік іс қоғалды, сол үшін сіздің kaspi немесе басқа мобильдік қосымшаңызды блоктап тастадық», — дейді. «Сосын тез ғана осы нөмірге айыппұлды төлеңіз», — дейді. Ол адам өзінің мобильдік қосымшасын ашады, ол шынымен блокталған болып тұрады. Шын сеніп, төлеп жіберетін жағдайлар кездесіп жатады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру жайттары жиілеп кеткенін Ішкі істер орындары қуаттайды. Жыл басынан бері 22 іс қозғалған. Оның екеуінде кінәлілер кәмелетке толмаған. Сондықтан олардың ата-анасы айыппұл төлейді. Сондай-ақ жалған ақпарат таратудың статистикасы да алаңдатарлық. Полиция былтырғы картинаны былай деп сипаттайды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бауыржан Пазылов, ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің аға жедел уәкілі:
— 2023 жылы жалған хабарлау бойынша 215 қылмыстық іс қозғалды. 43 адам анықталды. Оның ішінде 19-ы кәмелетке толмағандар. Барлығы 7 адам сотталды.

Қылмысты ашудың өзі де оңай болмай тұр. Себебі көп жағдайда бұндай алаяқтық әрекеттер интернет арқылы басқа мемлекеттерден басқарылады. Бұл ретте сарапшы заңгерлер кибер қылмысқа қарсы қорған болатын ең негізгі қаруды атап өтті.

Әйгерім Құсайынова, заңгер:
— Қаржылық және құқықтық сауатты болуы керек. Ең алдымен күмәнді қоңыраулар, күмәнді смс хабарламалар келетін болса, ең алдымен банктің, мемлекеттік мекеменің сенімді номерлеріне хабарласып, мән-жайды толық біліп барып, іс-әрекетке көшкен дұрыс. Қазіргі уақытта таралып жатқан смс ақпараттар, түрлі ссылкалар, почта арқылы посылка келді деп жатады, соның барлығына өзіңіздің жеке ЖСН жазбас бұрын, алдымен сенім номерлеріне хабарласып толық ақпаратты білген дұрыс.

Жалған ақпарат, интернет арқылы бопсалау тағы сол секілді кибер қылмыстар 3 басты айдаһар сияқты. Басын кессең, орнына бас шығады.

Қазіргі күні 140 мың теңгеден кем зейнетақы алатындарға да қосымша 50 мың теңгеден бір реттік төлем жасалады деп арбап жатыр. Ал жалған ақпарат таратуда кәмілетке толмаған жеткіншектер санының өсіп келе жатқандығы алаңдатады. Біз зайырлы мемлекетпіз. Біліп білмей істеген күнәмізді кеше гөр дейтін емес. Қолмен істегенді мойынмен көтеру шарт. Ал ол – жаза.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл – қоғам дерті

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
10
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
8
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
460

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
397
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.