Ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырату қиындай түсті — Төрттаған
Пятница, 4 сентября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырату қиындай түсті

17.04.2024
Қоғам
0
Ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырату қиындай түсті

Әлемдегі түрлі оқиғаларды сол мезетте айнадан қарағандай тамашалап бейжай қабылдайтын бүгінгі тұтынушы тұйық желінің тұтқынына айнала бастағандай. Бұл үрдіс адамды әдеттегі жылы ағымды жаңалыққа селт етпейтін, керісінше үрейлі де дабыралы дақпыртқа құмартып жүйкесі қанағат табатын ауытқушылыққа әкеледі. Осыдан барып бүгінгі буын айналасына, тіпті өзіне де зер салмайтын самарқау, сана-түйсігін түсініксіз үрей билеген бойкүйез, азаматтық жігері әлсіз боркемік, қатал да тасбауыр болып кетпей ме деген ой алаңдатады», – деп бүгінгі қоғамның басты проблемасын айна-қатесіз жазады.
Сөз – құдырет. Сөз – күш. Оның қуаты тасты балқытып, жерді төңкеріп жіберуге жетеді. Жер жүзіндегі өтпелі кезеңдердегі, бетбұрыстар, революциялар сөздің құдіретімен жүзеге асты.
«Құранда Алланың аяты қаламға және оның жазуына серт берумен басталады. Түптеп келгенде Құранның өзі – кәлам, аянның өзі – баян. Кәлам – Алланың сөз сипатының сәулесі. Жаратылыстағы ең асыл қазына ақыл десек, сөз – сол ақылдың жаңғырығы». Қаламгер Дархан Қыдырәлінің бұл сөзіне алып-қосарымыз жоқ.
Енді бір сәтке әлеуметтік желіге көз салып көрейікші. Елдің мүддесіне қарағанда, жеке бастың қамын күйттеген, белгілі топтың мұратын қорғаған жазбаларға көз сүрінеді (Көпке топырақ шашпаймыз. Сапалы контент жүргізіп отырған блогерлер де бар. Бірақ саусақпен санарлықтай ғана. авт). Қазір ақпарат ағынының көптігінен ақ пен қараны, ақиқат пен дақпырттың ара-жігін ажырату қиындай түсті. Ал фейк ақпараттың берілу тәсілін білмейтін мыңдаған адамдар теріс ақпарат алып отыр. Мейлі ғой, жалған ақпарат таратқандарды құқық қорғау органдары анықтап, тиісті жазасын берер… ал сөздің салмағын сезінбей, жүйелі ой, тартымды тіркес құра алмай жүрген блогерлерге жауапкершілікті кім сездірер екен?!
Мұндайда Абай: «Сатып алма сөз сатса, ол асылды аңдамас» – дейді. Сөйтіп «сөзін сатқан», «жанын сатқан» адамдарды тексіз санатына қосады.
Осындай «Сөйлей білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер, Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер», «Жақсы тауып айтады, жаман қауып айтады», «Жақсының сөзі кепіл, жаманның өзі кепіл» деген ғибраты сөздер ойға келеді, әрі бұл сөздердің қадірі қашқанына қиналасыз…

Н.БАЙГЕНЖЕ

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған сөйлеп, жала жабу әдетке айналғандай

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кез-келген адамның ақпарат таратуға мүмкіндігі мол.

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
13
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
13
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
295
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
222

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.