Жазда Фарид бұл суреттерді осы іспен айналысып жүрген полиция қызметкеріне берді. Ал автокөлік нөмірі арқылы оның иесінің басқа бір қылмыстық іске қатысы бары анықталды. Шамамен он жылдай уақыт шешілмеген іс қазір қайта лаға жылжыды. Ал Фарид пен оның командасы өз зерттеулері туралы ғылыми журналға мақала жазды. Мақалада олар бұл жүйе қолданылмайтын миллиондаған бақылау камераларын пайдалануға тегін мүмкіндік екенін айтқан.
Фарид қазір Дартмуттан Берклидегі Калифорния университетіне көшуге дайындалып жүр. Оның жары Эмили Купер сол жерде виртуалды шындық және адам әрекетін зерттейтін психолог. Мен олардың үйіне барғанда, мені елу екі жастағы Фарид өзі күтіп алды.
Адамдар түрлі құралдар арқылы суреттерді бұрыннан бері синтездеп келеді. «Мұндай жағдайлар бұрын да болған. Мысалы, 1860 жылдардағы танымал суретте Авраам Линкольнның басы, құлдарды қорғаушы саясаткер Джон Калхунның денесіне салынған. Сталин кезінде де көп сурет өзгертілген. 1982 жылы National Geographic жариялаған суретте мұқабаға сыймай қалған пирамидалар орнынан жылжытылған. Джон Керри мен Джейн Фонд Вьетнамға қарсы өткен наразылық кезінде қатар отырған сурет те жалған, яғни, екі суреттен біріктірілген», дейді Фарид.
Фаридтің айтуынша, Photoshop пайда болған кезде оны кез келген адам сатып ала алатын. Бірақ онымен тек жоғары білікті мамандар ғана жұмыс істейтін. «Қазір технология дамып жатыр. Бұрын қарапайым адам суретті өзгерте алмайтынына сенімді болатын едік. Қазір шындыққа саясатын сурет пен видео жасау көп адамның қолынан келеді. Сталин неге өзінің жауларын суреттен өшіруді тапсырды? Себебі суреттен өшіру арқылы оларды тарихтан да өшіруге тырысты. Бұл визуалды суреттің қуатын көрсетеді. Яғни, суретті өзгертсеңіз, сіз тарихты да өзгертесіз. Сол себепті бұл әдістер әлі де сурет пен видеоларда қолданылады. Бірақ бұл «шындық» ұзаққа бара ма?», — деді Фарид.
Жалғасы. Ағылшын тілінен аударған: А.Қуанышбек