Жалған намыс жақсылыққа апармайды — Төрттаған
Воскресенье, 14 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған намыс жақсылыққа апармайды

11.04.2024
Қоғам
0

Түймедейді түйедей етіп көрсетіп, әлеуметтік желі арқы­лы «аттандап» жатқан бейне­көрі­ніс­терге имандай иланып, қақтығыстың қақ ортасынан табылатындар да жоқ емес. Олар жалған ақпарат жаппай жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке жол ашатынына соншалықты бас қатыра қоймайды. Мұның соңы немен аяқталатыны бәрімізге белгілі. Елдімекендер қирандыға айналып, отқа оранып, дүние-мүліктің тас-талқаны шығып, адамдар бір-біріне алакөзбен қарап, әп-сәтте жау болып шыға келеді.

Тіпті күні кешегіге дейін төс қағыстырып, ағайын-туыстай болып кеткен, арқа-жарқа болып жүрген адамдар бойын кернеген ашу-ыза үстінде бір-біріне оқ атып, мерт еткен жағдай­лар да бар. Нәтижесі белгілі. Аңырап ана қалады, жетім болып бала қалады… Сондықтан жалған ақпарат таратпас бұрын әбден ойланған дұрыс. Оның жауапкершілігі бар екенін әсте естен шығармаған жөн. Ел ішінде ала да бар, құла да бар. Оған талас жоқ. Ал қоғамдық тәртіпті бұзып, бүйректен сирақ шығаратындар бой көрсетіп жатса оларды тезге салатын органдар бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан, қандай жағдай болса да бәрін заң аясында шешуге үйренгеніміз жөн. Аттандап алға шығып, шоқпар ала жүгіру мен жалған намыс жақсылыққа апармайды.

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабында заң алдында жұрттың бәрі тең екені айтылған. «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағ­дайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды», делінген Ата заңымызда. Осыған бас июіміз керек. Осыны үлкен-кішінің түсінетін уақыты жетті. Шорнақтан кейін Сәтбаев қала­сында бес жасар қыздың жоғалуына байланысты да жалған ақпараттар әлеуметтік желіде үстін-үстіне жарияланып жатты. Ішкі істер министрілігі тарапынан тағы да басу айтуға мәжбүр болды. «Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді министрлік. Сондықтан жалған ақпараттың жарға жығатынын ұмытпайық, ағайын!

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ — «ФЕЙК»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ФЕЙК АҚПАРАТТЫҢ ҚАУПІ КӨП

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
4
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

«Нацфонд – детям»: около 58 млн долларов США использовали казахстанцы на жильё и образование

12.06.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.