Кез келген ақпаратты оқып, ой елегінен өткізетін адамдардың көбі мәліметтің рас-өтірігін ажырата алмай жататыны жасырын емес. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар уағында, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар лезде көптеп тарайды. Яғни, арандатушылар «бүйірден ұрар» сәтті күтіп, дайын отыратын секілді.
Көбіне фейк таратқандар ісі 274-баппен қаралады. «Көрінеу жалған ақпарат тарату» дейтін бөлімінде қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін дерек үшін түзеу жұмыстарына жегіліп, 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылыпты. Кей кезде бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жалған ақпарат тарату екі түрлі баппен қаралып, көбіне айыппұл салумен жазалайды.
Олардың өзге жалған ақпарат таратушыларға қарағанда ерекшелігі көп. Ең бастысы, батылдыққа ие. Ақпаратты қалай жеткізіп, қалай өңдеу жолдарын, жалпы, техника мен тәсілдерді біледі. Жаңағы ақпаратты осы сыртқы күштер таратып отырғанға ұқсайды, – дейді маман.
Бір сөзбен айтқанда, психолог сөзіне қарап ел ішінде дүрбелең туғызып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін азаматтар адамдардың санасына қалай әсер етуді білсе керек деп топшыладық. Яғни, қоғамның тыныштығын қасақана бұзу ниеті бар. Біздің ойымызша, осы санаттағы азаматтар жазасыз қалмаса керек.
Адам күніне қаншама ақпаратқа қанығады. Оның қаншасы жалған екендігіне де көз жеткізбей жататындар көп. Өйткені біз қарым-қатынас жасау үшін, өмір сүру үшін ақпаратқа тәуелдіміз.