КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Пятница, 22 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.01.2024
Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, берілген тапсырмалардың орындалуы мен жергілікті тұрғындардың әл-аухатын арттыру бағытында істелген жұмыстарды талқылады. Алдымен Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов округтің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
— Алпамыс батыр ауылдық округінде 6 482 адам тұрады. Өткен жылы 2 шақырымды құрайтын Қауыншы елді мекеніндегі Қажымұқан көшесіне тас шағал төселсе, Т.Тәжібаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал Ақжол ауылының Жеңіс, Мерей, Ш.Қалдаяқов, С.Сейфуллин, Жастар және Бейбітшілік көшелері «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында орта жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары биылғы жылға өтпелі болып, ауылдық округінің орталығы толығымен асфальтталады. Сонымен қатар, шаруаларымыз 759 гектар жерге ашық алқаптан жылына 2-3 өнім алу мақсатында түрлі дақылдарды егіп, өнімдерін еліміздің және шет мемлекеттердің ірі қалаларына экспорттады. Ал өткен жылдың тамыз айында аудан әкімінің есебінде көтерілген өзекті мәселелердің бірі «Ер-тайыр» және «Ұлы дала» АӨК-не конкурс арқылы жалпы 120 га суармалы жерлер берілді. Осы аталған жерлерге кооператив мүшелері тарапынан бау-бақша өнімдерін егу жоспарлануда, — деді ауыл әкімі өз баяндамасында.
Жиын барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Асылхан Шалқаров округ аумағында атқарылған жұмыстардағы кемшіліктер бойынша баяндады. Қос ауылдың сыртқы қасбеті, ауылшаруашылығы саласында индикаторлардың орындалуы, тазалық, ирригация жүйесі мен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер сөз болды. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы әрбір мәселе бойынша жауапты дербес бөлім басшылары мен Алпамыс батыр ауылдық округі әкімі аппаратында қызмет атқаратын мамандардың істеген жұмыстарына талдау жүргізді.
— Берілген тапсырманың орындалу деңгейі көңіл көншітпейді. Кәсіпкерлік саласында нақты 10 жобаны дайындап, өткізуді тапсырған болатынмын. Бүгінде бірде бір жоба ұсынылмаған. Ауылға тартылуы қажет болған инвестордың жұмысын үйлестіруде салғырттыққа жол берілген. Бұл жауапсыздық. Жұмысты тек ауыл әкімінен талап етеміз. Алайда онымен бірге қызмет атқаратын мамандар жауапсыз болса бәрі бекер. Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі маңызды мәселе. Бұл тұрғыдан алсақ Алпамыс батыр ауылдық округі әкімі аппаратына реставрация жасау қажет деп ойлаймын. Мамандардың фунционалдық міндеттеріне талдау жасап, қажетті ұсынысты дайындаңыздар. Берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын, — деді аудан әкімі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жұмыс бар, тек істеймін деген ниет керек!»

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.