ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

25.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН:  ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Түркістанға келетін туристер саны артуда.

Дүниежүзілік туристік ұйымның дерегі бойынша, әлемдік жалпы өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 10 пайызын туризм қамтамасыз етеді. Тіпті әлемдік тәжірибеде туризмнен түскен табыспен ғана күн көріп отырған елдер бар. Жаһандық өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны да осы саланың үлесіне тиесілі. Сондықтан дамыған елдердің қатарына енуге талаптанып отырған Қазақстан үшін туризмді дамытудың маңызы зор. Оның ішінде, Түркістан өңірінде туризмді дамытудың мүмкіндігі мол.

Түркістан қаласындағы туризм саласын дамыту Мемлекет басшысы белгілеген басты міндеттердің бірі. Бүгінде бұл салада айтарлықтай тың өзгерістер орын алған. Соның дәлелі Түркістан республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылған. Осы тұрғыда, туристік инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы 2023 жылы туристер саны 1451,5 мың адамды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артқан. Ішкі туристердің саны 2023 жылы 9 ай бойынша 95 509 адамды құрап,  2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,3%-ға ұлғайған.

Ең көп турист баратын орта.

Түркістан қаласында қазіргі таңда сұранысқа ие діни, танымдық және рекреациялық туристік бағыттар бірінші кезекте. Бұл әрине қаладағы тарихи ескерткіштердің көп шоғырлануы және «Керуен-сарай» туристік кешенімен байланысты. Сонымен қатар қазіргі таңда этнотуризм, іскерлік туризм, спорттық туризм салалары дамып келе жатыр. Туристерді тартудың магниті – Қ.А.Ясауи кесенесі. Кесенеге 2022 жылы 566 457 адам келсе, жалпы қала бойынша басқа да туристік бағыттарға 1,5 млн. жуық туристер келген.

Түркістандағы эко және этнотуризм бойынша.

Эко туризм бағыты өзге өңірлермен салыстырмалы түрде қарағанда жақсы дамымаған. Алайда оны тек табиғат аясындағы туризмдік бағытпен шектеп қарауға болмайды. Мәселен қала тазалығы, қоқыстарды оңды-солды шашпай, табиғи өнімдерді жиі тұтыну көрсеткішінің өзі эко туризмнің алғышартына сыйып кетеді. Ал қалаға келетін әрбір туристің айтатыны қаланың тазалығы жайындағы мәселе. Яғни шаһар тазалығының жоғары екендігін тілге тиек етеді. Ал этнотуризмге келер болсақ, қалада арнайы этноауыл кешені іске қосылған. Этноауыл аймағында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттайтын іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Сондай-ақ, Түркістан-Отырар тас жолында тағы да этноауылдың құрылысы аяқталып тұр. Енді оны жүйелі жүргізу үшін сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізілуде. Этнотуризмнің тағы бір бағыты ретінде қазір қолөнершілердің туындыларын танытуға да көңіл бөлініп жатыр. Қалада қазіргі таңда, қолөнершілердің көрмесін ұйымдастыру да дәстүрге айналып келеді. Себебі қолөнер креативті индустрияның ажырамас бөлігі саналады. Сондай-ақ ағымдағы жылы Өзбекстан мемлекетіне қолөнер саласы бойынша қолөнершілер мен туризм саласының мамандарынан тұратын арнайы іс-сапар ұйымдастырылған болатын. Одан бөлек, 2024 жылға қарай мәдени-рухани орталық аумағынан «Қолөнершілер» қалашығын салу жоспарлануда. Аталған кешен этнотуризм саласын жандандыруға өз септігін тигізері хақ.

Туризм инфрақұрылымы саласындағы жаңалықтар.

Түркістан қаласы тарихи ескерткіштерге бай өлке. Облыс орталығы болғалы өңірде мәдени-рухани орталықтар, рекреациялық орталықтар, парктер салынуда. Қалада тарихи ресурстарға  тоқталатын болсақ, «Қ.А.Ясауи» кесенесі, «Сұлтан Бегім» кесенесі, «Есiм – Хан» кесенесі, «Тәуке хан» кесенесі, «Шілдехана», Ортағасырлық шығыс моншасы Цитадель қамал қабырғасы, «Хан» ордасы, «Хан» мешіті, «Дарбаза» қақпасы, «Мүсәллә» қақпасы, «Такия» қақпасы, «Жеті ата» қақпасы, «Құмшық ата» жерасты мешіті, «Жұма» мешіті, археологиялык қазбалар, ежелгі «Күлтөбе» қалашығының павильоны, казарма ғимараты, «Әлқожа ата» кесенесі және т.б. тарихи ескерткіштердің қазіргі таңда, рестоврациялық яғни қайта қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты түрде жүргізілуде. Мысалы ретінде 2021-2022 жылдары Қ.А.Ясауи кесенесінің күмбезі, «Сұлтан Бегім» кесенесінің сыртқы және ішкі бөліктері, «Жұма» мешіті туристік нысандарына рестоврациялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, 2023 жылға Ортағасырлық «Жеті ата» көшесін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Туристік орындарға апаратын барлық автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, арнайы автотұрақтармен қамтамасыз етілген. Қалада                   20 бағытта 220 автобустар қызмет көрсетуде. Автобустарда цифрландыру мақсатында «Alempay» электронды билеттеу жүйесі енгізілді. Темір жол көлігін дамыту мақсатында, 2024-2026 жылдарға Ташкент-Шымкент-Түркістан бағытында жоғары жылдамдықты темір жолы жобасын іске асыру жоспарлануда.

Г.Серікқызы

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМНЕН ТҮСЕТІН ТАБЫС КӨЛЕМІ АРТУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМ – САРҚЫЛМАС ТАБЫС КӨЗІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.