Ауыл шаруашылығы саласы — Төрттаған
Четверг, 13 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ауыл шаруашылығы саласы

25.10.2023
Қоғам
0
Ауыл шаруашылығы саласы

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық. 
Президент республика деңгейінде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді нақты көрсетті. Бүгінде солардың ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Қазіргі таңда еліміз электр энергиясының тапшылығын сезіне бастады. Сондықтан атом электр стансасын салу тақырыбы күн тәртібінде тұр. Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескерген Президент оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.«Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз» деді Мемлекет басшысы. Демек, бұл мәселе алдағы уақытта сіз бен біздің дауыс беруіміз арқылы шешіледі деген сөз.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда төменгі жалақыны өсіру, су тапшылығын болдырмау және оның алдын алу бойынша да бірқатар нақты тапсырма берді. Су саласында қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңадан құрылған және бір министрлік – Көлік министрлігі еліміздің қуатты логистикалық әлеуетін тиімді іске асыру бағыты бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді деп күтілуде. Мұнан бөлек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық мектеп салынбақ. Оған қоса, ауыр, зиянды өндірістегі жұмысшылардың зейнеткерлік жасы мен өндірістегі қауіпсіздік мәселелерінің оң шешімін тапқаны, яғни 55 жастан бастап ауыр өндірістегі жұмысшыларға арнаулы әлеуметтік төлем төленетіні өте орынды деп санаймын. Жолдауда айтылған көп міндеттің ішінде «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, басты назарды аудандар мен моно-қалаларға, ауылдарға аудару да бар. Сондай-ақ, Президент ел экономикасының жаңа бағытын қалыптастырып, отандық өнеркәсіп салаларын әртараптандыруды тапсырды. Кез келген мемлекет болашағы экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан Президент Үкіметке экономикалық өсімді 6-7 пайызға арттыруды тапсырды. 2029 жылға дейін ұлттық экономика көлемін 450 млрд. долларға жеткізу керек.
Жолдауда сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар,  агроөнеркәсіп саласындағы бағдарламалар туралы да кеңінен айтылды.  Мемлекет басшысы: «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ, біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу» деп, бағытымызды тағы бір айқындап берді.
Біздің алдымыздағы негізгі міндеттердің бірі – инновациялық амал-тәсілдерді қолға алу. Агроөндірісті агроғылыммен ұштастырмай болмайды. Ауыл шаруашылығы саласын өрістетпей, ауылды өркендету мүмкін еместігі белгілі жәйт. Сондықтан ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін шаруашылығында реформа жасау қажет екенін де тиісті министрлікке құлаққағыс етті.
Сондай-ақ, Президент ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау маңызды екендігіне де тоқталды.
Бұлардан шығатын қорытынды, халқымыз үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама ел экономикасының жаңаша бағытта дамуына серпін береріне сеніміміз мол.
Б.ЖЫЛҚЫШИЕВ,
облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Экономиканы әртараптандыруда түйткілді мәселелер аз емес

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Судың да сұрауы бар

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
13
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
12
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
6
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.