ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР – ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚАЗЫНАСЫ — Төрттаған
Суббота, 25 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР – ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚАЗЫНАСЫ

08.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР – ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚАЗЫНАСЫ

Жұпар Бейсенова – қолөнер шебері, Түркістан қаласындағы «Балалар қолөнер» мектебінде, ұстаз. Бүгінде киізден түрлі қолөнер еңбектерін жасап жүрген шебердің бұл кәсіпті қолға алғанына 10 жылдан аса уақыт болған. Нәпақасын тауып, отбасын да осы шаруаға баулиды. Себебі, тапсырыс жоғары. Қазақтың төл өнері қоғамға ауадай қажет дейді.

– Маған шеберлік өнері қанмен келді десем болады. Өйткені мен суретшілер отбасында тудым, әкем суретші болған, өз әжем де кезінде киіз басқан өте керемет шебер адам болған. Анам да тоқыма, кесте бұйымдарын жасаған. Соның барлығын әрі қарай дамытқым келіп, Шымкенттегі Ә.Қастеев атындағы көркем-сурет колледжін бітірдім. Әрі қарай Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Театр және көркем-сурет институтына түсіп, оны 1993 жылы бітірдім. Шебердің айтуынша қолөнерге қызығушылығы бала күнінде басталған. Ауылда киіз басқан кезінде үлкендер оюды жақсы салатынын байқап оның шеберлігін текеметті түрлендіруге пайдаланыпты. Өз мамандығы бойынша шебер 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Жоғарыда айтып өткендей, Түркістан қаласындағы «Балалар қолөнер» мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Қазір тоқыма бөлімінде ізін басып келе жатқан шәкірттері де бар.

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Киіз басумен айналысып, киізден түрлі сәндік бұйымдарын ( кәдесый) , сондай-ақ шәркей, күнделікті киюге арналған аяқ-киімдер және көптеген ұлттық бұйымдар жасайды. Ал шәкірттерінің қолөнерге деген ынтасы жоғары және жылдан-жылға ұлттық өнерге қызығушылықтары артқанын айтып өтті. Айтуынша өз шәкірттері арасында республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген шебер оқушылар көп. Сонымен қатар, қолөнер шебері Жұпар Бейсенованың өзі де бірқатар жүлделерді қанжығасына байлаған. Қазақстан Суретшілер одағының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, «Он саусағынан өнер тамған шебер» және «Сапа белгісінің иегері» атанды.

«Бүгінде өзіміз тәрбиелеген шәкірттеріміз ұлттық қолөнердің түрлі салаларында қал-қадірінше еңбек етіп жүр. Ұлттық қолөнер дегеніміз халқымыздың ұлттық рухани жадының жаңғыруына, этномәдениетіміздің дамуына орасан зор үлес қосу деп білемін. Қазір этностиль заманауи атрибуттармен үйлесіп, жаңаша реңкке ие болып жатыр. Гүлденіп, жаңаша дамып, түрленіп келеді. Сонымен қатар ұлттық өнер өскелең ұрпақтың ұлттық жадындағы рухани сабақтастықтың жібін жалғайтын нәзік иірімдерге бай құбылыс деп айтуға болады», -дейді Жұпар Бейсенова.

Ж.ШЫРЫНБЕКОВА.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУДА ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Саябақ – жанға сая

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.