ТҮРКІСТАНДА ТІЛ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ТІЛ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

21.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ТІЛ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл оқытудағы жаңа көзқарас: әдістеме мен тәжірибе» облыстық семинары өтті. Аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушыларының және тіл мамандарының қатысуымен өткен семинарда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Халықаралық әріптестік және интернационализация бөлімінің басшысы, PhD Қарлығаш Әшірханова модераторлық етті.
Шарада алғаш боп сөз сөйлеген облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Жақсылықова қатысушыларға сәттілік тілеп, семинар мақсатына тоқтала кетті.
– Өздеріңізге белгілі, инновация – жаңалыққа талпыну. Тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, тіл үйретудің жаңа әдістерін әзірлеу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. 2023 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары» бекітілді. Тұжырымдаманың негізгі мәселелерінің бірі қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, деңгейлер бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу жоспарланған. Облыста 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығы бар. Орталықтарда 22 әдіскер, 31 қазақ тілі, 17 орыс тілі, 27 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді. Тіл оқыту орталықтарында 7226 адам тіл үйренуде, – деді өз сөзінде Нұргүл Асқарқызы.
Семинар барысында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Қадашева «Қазақ тілін деңгейлеп оқыту әдістемесі» тақырыбында, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Әлем тілдері кафедрасының аға оқытушысы Майра Исрайлова «Пути реализации навыков речевой деятельности» тақырыбында, Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Аманбаева «Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тіл оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Айта кетейік, семинар мақсаты – ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес аудан, қаладағы тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру, үш тілді біліктілікті арттыру, оқыту әдіснамасын жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданысқа енгізу.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ «АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨЗБЕКСТАН АСТАНАСЫНДА «КИЕЛІ ТҮРКІСТАННАН – ТАРИХИ ТАШКЕНТКЕ» ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.