ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МӘДЕНИ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МӘДЕНИ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

07.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МӘДЕНИ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Кентау қаласының мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Бүгінде Кентау қаласында 4 ауыл, 2 елді мекен, 416 көше, 23 жалпы орта мектеп бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес Кентау қаласындағы өзгертуді қажет ететін идеологиялық тұрғыдан ескірген Байылдыр ауылында-4, Хантағы ауылында-1, нөмірленген 9 көше бар. Қарнақ ауылында -113 көшенің атауын өзгерту және заңдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Заңға сәйкес қажетті құжаттар жинақталып қала әкімі және қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі шықты. Құжаттар облыстық салалық басқармаға ұсынылып, республикалық ономастика комиссиясына жолданды.

Жалпы биылғы жылға мәдениет саласы мекемелерінің материалдық базасын нығайту, Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда атаулы мерейтойлы даталарға арналған іс-шаралар өткізу, 2023 жылы мәдениет және тілдерді дамыту саласында қала, облыс көлемінде жаңа форматтағы заман талабына сай іс-шаралар ұйымдастыру, Кентау қаласынан шыққан ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттау, кездесулер ұйымдастыру, облыстық, аймақтық деңгейде сұранысқа сәйкес түрлі форматта байқаулар ұйымдастыру, республикалық, облыстық байқауларға өнерпаздардың қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, осы жылы Хантағы шығармашылық үйінің ашылу рәсімін ұйымдастыру көзделген.

Тілдерді дамыту саласында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметкерлер арасында ресми құжаттарды сауатты толтырудың оқыту әдістемесі бойынша  қысқа мерзімді курс ұйымдастыру, этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Мен қазақша сөйлеймін»  тақырыптарында байқау, акция ұйымдастыру, «Сауатты жарнама-тіл тазалығының айнасы» тақырыбында жеке кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдерімен кездесу, түсіндірме-насихат жұмыстарын  ұйымдастыру, қаладағы атауы жоқ, қайталанатын көшелерге атау беру, қайта атау бойынша сараптама жасап, облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс жолдау, жыл қорытындысымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін және тіл жанашырларын марапаттау жоспарланған.

Клуб әкімшілік ғимаратында орналасқан…

Әрине, Кентауда мәдениет саласында шешімін күткен мәселер жоқ емес. Мәселен, бүгінде Қарнақ ауылында клубтың ғимараты апатты деп танылып, клуб өз жұмысын әкімшілік ғимаратында жалғастыруда. Қарнақ ауылы тұрғындар саны 15420 адамды құрайды. Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысының жобалық сметалық құжаты әзірленді. Құрылысының жалпы құны 1 350 047,0 мың теңгені құрайды. ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысы 22.02.2023 жылы №19-0077/23 шыққан. Сала мамандары қазіргі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржы қарау мақсатында облыстық салалық басқармаларға тиісті құжаттар ұсынылғанын айтады.

Облыста бүгінгі таңда ауыл мәдениетін жандандыру бағытында ауқымды жобалар қолға алынбақ. Солардың бірі ретінде өңірлердегі мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінің еңбегін насихаттау, жандандыру бағыттында «Мәдениеті ауылдың» танымдық бағдарламасы, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмдер топтамасы, «Түркістан мақамдары»  оқу-әдістемелік семинарлары тұрақты түрде ұйымдастырылып, түрлі бағыттағы байқаулар мен фестивальдер өткізіле бастағанын айтуға болады. Қазіргі таңда облыста 251 мәдениет үйі мен клуб мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Апатты жағдайда тұрған 7 ауылдық клуб бар, 32 ауылдық клуб ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Музыкалық аппаратуралары мен сахналық киімдері мүлде жоқ клубтар да аз емес.  45 клуб мекемесінің жалдамалы жекеменшік ғимараттар мен мектептерде отыруы осы саладағы жұмыс көрсеткішін төмендетіп отыр.

Мәдениет ошақтары жоқ елді мекендерден 2022 жылы «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында 14 ауылдық мәдениет үйі (кітапханасымен бірге) ғимаратының құрылысы басталып, олар биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мұның барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру бағытында іске асырылуда.

– Ауыл мәдениетін көтеруде, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жастарға тәрбие беруде мәдениет ошақтарының маңызы зор. Осыған байланысты мемлекет тарапынан, облыс әкімдігі тарапынан да рухани-мәдени саланы өркендетуге зор көңіл бөлініп келеді. Соңғы он жылда барлық мәдениет ошақтары жетекшілерінің басы қосылған мұндай кездесу мүлде өткізілмеген.

Қазіргі таңда ауылдағы мәдениет үйлері мен клубтардың басым көпшілігінің материалдық-техникалық базалары талапқа сай емес, ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Екі мыңнан көп тұрғыны бар 94 елді мекенде мәдениет ошақтары жоқ. Бұл елді мекендерде мәдени бағыттағы жұмыстар жүргізілмейді деген сөз. Өңірлерде кездесіп  жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осы бағытта сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Лайықты жұмыс істеу үшін мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлу керек. Соңғы жылдары бұл бағытта қаржы қарастырмаған әкімдіктер де бар. Бұл – жергілікті жердегі мәдениет ошақтарына тиісті деңгейде қолдау көрсетілмей отыр деген сөз. Сондықтан, жергілікті әкімдіктер мен бөлім басшылары осы мәселеге көңіл бөлу керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен елді мекендердегі мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру, таланттарды таныту мақсатындағы жұмыстарға басымдық беріп отырмыз, – дейді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, ауыл мәдениетін көтеру үшін қыркүйек айынан бастап ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың облыстық байқауы басталады. Келесі жылы «Мәдениетті ауыл» фестивалі ұйымдастырылып, үздік шыққан елді мекендерге қомақты сыйлықтар табысталады.Сондай-ақ, «Көшпелі кинотеатр» жобасы қолға алынып, өңірлердегі мәдениет үйлерінде тарихи кинолар, анимациялық фильмдер және отандық кино туындылары көрермен назарына ұсынылады. Бұл – халықтың бос уақытын тиімді пайдаланып, отандық туындыларға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, тұрғындарды мәдениет ошақтарына тартуға бағытталған бірегей жоба болмақ.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

 Жан басына қаржыландырылатын үйірмелер ашыла бастады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЛАМГЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
2
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12
ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

05.09.2024
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.