БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕП, ЫНТЫМАҒЫМЫЗДЫ АРТТЫРАТЫН АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕП, ЫНТЫМАҒЫМЫЗДЫ АРТТЫРАТЫН АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

11.11.2023
Қоғам
0
БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕП, ЫНТЫМАҒЫМЫЗДЫ АРТТЫРАТЫН АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», деді Мемлекет басшысы мереке жөнінде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қайта оралған Республика күні мерекесін дәстүрлі түрде атап өту жалғасуда. Араға 13 жыл салып ел тарихындағы айшықты күн, халықпен қайта қауышуына орай, Төлеби аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке қарсаңында бірқатар азаматтар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің, аудан әкімінің, «AMANAT» партиясының Алғыс хаттары мен аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапатталды.
Аудан жұртшылығын ұлттық мерекемен аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев құттықтап, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыстарын жеткізді.
— Ел экономикасын, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, мәдениетін дамыта түсу жолында білек сыбана отырып, татулықтың арқасында еңбек ете берсек дейміз. Алдымызда әлі де атқарылар істер мен міндеттер тұр. Халық болып бірігіп татулықты ту етіп жұмыс атқарсақ, асар асуымыз бен шығар биігіміз көп болмақ. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Халқымыз өзінің болашағы мен балаларының тағдырын мемлекетімізбен ғана байланыстырады. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты сезініп, игі істердің ұйытқысы болуда. Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін, деді құттықтау сөзінде Сержан Дауылбайұлы.
Тәуелсіз еліміздің жарқын мерекесі құрметіне аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары, аудандағы ұлттық мәдени орталықтары әннен шашу шашып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛІП, ӘНҰРАН ШЫРҚАЛДЫ
Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы Төлеби саябағында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев жиынға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып,
халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған ту көкке көтерілді.
Еліміздің барлық аумағында қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі, Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні ретінде шырқалды.
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОН ӨТТІ
Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында Төлеби Әлібекұлының 360 жылдығына және 25 қазан Республика күніне орай, «Спорт — денсаулық кепілі» ұранымен 18 жастан асқан аудан тұрғындары арасында жүгіру марофоны өтті. Марафонға қатысушылар 3 км жерді жүгіріп өтіп, өздерінің мықтылық, төзімділік, ептіліктерін көрсете білді. Аудан тұрғындары арасында спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтына баулу мақсатындағы жүгіру марафонының жеңімпаздарын аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев құттықтап, спортты жарына серік еткен жандарға медаль, кубок табыс етті.
— Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған аудандағы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы марафонға қатысушыларға алғысымды білдіремін. Аудан аумағында жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында қолға алынған марафон қазір қоғамдық сипат алып, жыл өткен сайын қатысушылар саны артуда. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Сондықтан, баршыңызға қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру арқылы организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатуды ұсынамын, деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
300 ге жуық ерлер мен әйелдер арасында барлық жас санаттары бойынша үздік үштікке ие болған жеңімпаздар медаль, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» ҚАРИЯЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«OPEN CUP SARYAGASH» ІІ-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАУ АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.