ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ — Төрттаған
Четверг, 28 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

09.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

“AMANAT” партиясының кезектен тыс XXIV сьезінде “AMANAT” партиясының жаңа саяси тұғырнамасы қабылданған болатын. Тұғырнаманың Азаматтық қоғам-дамудың кепілі екінші бөлімінде “AMANAT” партиясы тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды ары қарай да жалғастыра береді. Бұл – біздің ұлтымыздың, халқымыздың алдындағы перзенттік парызымыз.Қазақ тарихындағы барлық ақтаңдақтардың бетін ашып, ұлт өміріндегі тағдыршешті кезеңдер мен оқиғаларға тиісті, лайықты баға беретін уақыт жетті деп айқындалған. Шынында да саяси Тұғырнамада айтылғандай Руханият-ұлттың мәйегі.

“AMANAT” партиясының Атқарушы Хатшысы Асхат Раздықұлы Ораловтың Түркістан облысына іс сапарында зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде Қызқорған,Балақорған тарихи ескерткіштерін қорғау, мемлекеттік тізімге алу мәселесі көтерілген болатын. Асхат Раздықұлы бақылауға алып тапсырмалар берілді. Түркістан облыстық партия жанындағы”Miras” азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің атынан және облыстық Мәдениет басқармасына депутаттық сауал жолданды. Сонымен қатар, облыстық “Miras” қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында кеңес мүшелері аталған тарихи ескерткіштерді аралап көшпелі жиындар өткізуді жоспарлаған еді. Жоспарға сәйкес қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы Созақ жерінде басталып, ҚЫЗҚОРҒАН, БАЛАҚОРҒАН қамалдары басында аяқталды.

Қасымыздағы жол көрсетуші қорықшы Оразбеков Темірхан сампылдап бұл жердегі әр жотаның тарихы бар деп қызықтыра түсуде. Браконьерлерлер туралы да қызық естеліктерін ара-арасында еске алып қояды. «Жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болған төрт бұлақ бар, қазір соны басып өтеміз» деді. Жоңғарлар бір батырдың жүйрік атын қолға түсірмекші болып қуалап келе жатқанда жүйрік ат жаудың қолына түспеу үшін таудан секіріпті, төрт тұяғы тиген жерден төрт бұлақ атылып шығып, сол жер «Айғыр ұшқан» аталып кетіпті деді. Аттың иесіне адал болған қасиеттілігіне таңқалдық.
Қиялап жүріп келеміз. Көп болса сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүріп келеміз. Жолай келе жатып қорықшы Қызқорған туралы сан түрлі аңыздарды қозғады. Қорықшының көлігі жартастың төменгі жағына тоқтады: «Енді жаяу тартамыз, соңымнан ілесіңдер» деді. Терлеп-тепшіп ілесіп келеміз. Кім күнде тауға шығып жүр дейсіз…

Балақорған және Қызқорған тарихи ескерткіштері Сауран ауданына қарасты Серт ауылынан 34 шақырым солтүстік-шығыста, Қаратаудың Қызылсай шатқалында орналасқан. Бекіністер ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болып, ХV-ХVІІІ ғасырларға дейін қызмет еткен деп саналады. Екі ескерткіштің арасы 500 метрдей, ортада өзен ағып жатыр. Созақ-Түркістан қалаларын жалғайтын көне керуен жолының бойында тұр.Қызқорған бекінісі Қаратаудың тақтатастарынан (плитняк) тұрғызылған. Қорғанның пішіні 85х80 м болатын қисық шеңберге ұқсайды. Қалыңдығы 1,5-2 м болатын бекініс қабырғасына тақтатастар қиюластырып қаланған. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағындағы қабырғасы 1 метрдей болса, батыс жағындағы қабырға толығымен жойылған. Қабырғаларында атыс ойығы бар. Тастан үйілген обалардың аумағы 4-15 м. Олар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың қазіргі сақталған биіктігі 2,5-3 метр. Қамал ішінде көптеген бөлме орындары болғаны байқалады. Қызқорған қамалын 1980 жылы К.А.Ақышев бастаған археологтар тапса, 2005 жылы ХҚТУ ТАЭ жетекшісі М.Елеуов басқарған экспедиция ашып, зерттеген. Бекініске арнайы кіріп-шығуға арналған есікке орын қалдырып, қақпа тәрізді тастармен өрген. Оған кіретін, екі жағы таспен қаланған есік шығыс қабырғада орналасқан. Батыс қабырғаның ішкі жағында бұлақ бар.Қорған ішіндегі үйлердің жазық шатыры бекіністі жаудан қорғағанда атыс галереясы ретінде қызмет еткен. Аршылған бөлмелердің мәдени қабаты шағын, онда саздан жасалған құмыра ыдыс, құм, құмыраның кесінділері табылған. Уақытын белгілейтін және бекіністің қызмет атқаруының негізгі кезеңін анықтайтын ХV-ХVІ ғасырларға жататын 2 тиын табылған.

Балақорған бекінісінің құрылысы да тақтатастан қаланған. Пішіні кескіндемесі жағынан тау мүйісінен шығыңқы, трапецияға ұқсас, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағдарланған. Солтүстік-батыс қабырғасы тік жартас жарқабағына салынса, солтүстік-шығыс жағы таулармен қоршалған. Бекіністің оңтсүтік-шығыс және оңтүстік-батыс жағы едәуір қорғалмаған, әлсіз қыры болған. Сондықтан, оңтүстік-батыс қабырғасында екі деңгейлі тікбұрышты мұнара орналасқан .Бекіністің өлшемі – 75х37 м, қабырғасының биіктігі – 3-3,5 м. Бекіністің солтүстік бөлігінде бір типтес алты тұрғын бөлме қазылып алынған. Бұлар қарауыл бөлмесі ретінде қызмет атқарған бөлмелер. Бір бөлменің қабырғасы Қызылсай шатқалына кіре берісіне қараған, ені 1м дейін атыс ойығы бар. Ол күзетуге, не бақылауға арналған. Аршылған бөлмеден құмыра мен құмыраның кесінділері бар аздаған мәдени қабаты табылған.Қамал-қорған туралы ел аузында түрлі аңыз-әңгімелер көп. Оның ішінде Түркістанда билік құрған хандардың жазғы ордасы болуы әбден мүмкін деген де деректер кездеседі. Негізінде қазақ үшін қыздарының ар-ұяты, тазалығы жоғары болған. Қыздың арын таптатаймын деп талай қазақ жаудың қолында жан тәсілім еткен.Балақорғанға келсек, жоңғарлар әрбір жорығы алдында бір кішкене баланы құрбандыққа шалып отырған. «Артымда ұрпақ қалсын» деген бабаларымыз балаларын осында, ауылдан аулақ көз таса етіп қорған ішінде жасыруға мәжбүр болған. Дегенмен, қос ескерткіштің де Түркістан шұратындағы Қаратаудың теріскей бөктерінен (Дешті Қыпшақ) Қызылсай шатқалымен керуен жолын күзететін және бақылайтын әскери тірек ордасы болғанын археологиялық материалдар растайды.Бүгінгі көшпелі жиын – тау қойнауында жатқан көне ескерткіштерді келешекке мұра етіп жалғастырудың бастамасы. Ұлдары мен қыздарын қорғаштап, жаудан таса жерге жасырғанының куәсі осы тастардан қаланған ҚЫЗҚАМАЛ-ҚЫЗҚОРҒАН мен БАЛАҚОРҒАН қамалдары. Кеңес мүшелері, ғалымдар құлағымызбен естіп жүрген тарихи ескерткіштерді қолымызбен ұстап, көзімізбен көріп қайттық. Елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық, тарихи, рухани байлығын, елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Тарих қатпарларын таныту арқылы қазіргі заманғы жаһандық және интеграциялық үдеріс жағдайында туған өлке тарихының отаншылдық қасиетті ширата түсудегі маңыздылығын насихаттаудың жүйелі жоспарын жасауды қажет етеді. Ел экономикасын дамыту үшін елді мекендердің орналасу жағрафиясына сәйкес облыс өңірінде туризмді дамытуды күшейту қажет. Алда қоғамдық кеңестің жоспарын кеңейтіп, ел мен жер тарихын дәріптеу, тарихи жер-су атауларын қайта қалпына келтіру мәселесін көтеріп, ономастикалық комиссияға ұсыныстар беруді қолға алу күн тәртібінен түспейтіндігін топшыладық. Алға қойған мақсатты орындау азаматтық парызымыз.

Қ. Жантөреева

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ ТУРИСТЕР ТАМАШАЛАЙТЫН ОРЫНҒА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістанның мәдени ескерткіштері

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.