АЛПАМЫС ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ? — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

АЛПАМЫС ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ?

04.11.2023
Мәдениет
0
АЛПАМЫС ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Еліміздің күнгейіндегі Мырзашөл өлкесі өзіндік тарихы бар, шежіреге толы өлке. Өзбекстанның екі облысы, бес ауданымен шектесіп жатқан өлкеде үш жүз мыңнан астам тұрғындар мекен етіп, өмір сүріп жатыр.
Мырзашөлдік ағайындар тарихи Отанының қадірін басқалардан тереңірек сезінеді, себебі бұрынғы үш аудан кеңестік кезеңде солақай саясаттың салдарынан көршілес өзбек елінің құрамында болғанын жақсы білесіздер (1963-1971 жж).
Тәуелсіздік алғаннан кейін сол үш аудан біріктіріліп, іріленді. Бұл да болса халқы тығыз өлке үшін қолайсыздау шешім болды. Қаншама азаматтар жұмыссыз қалды, тұрғындарды әуре-сарсаңға салды.
Түстіктегі тынымсыз тірлік иелері қиыр шетіне, шека­ралы аймақта тұратын мырзашөлдіктерді Отаншылдық мен мемлекетшілдікке баулитын іс шаралардың қажеттігі уақыт өткен сайын арта түсті.
Халықтық жыр «Алпамыс батыр» эпостық жырындағы ел қорғаған Алпамыс батыр ескерткішін орнату жөнінде ұсыныс пікір жүрек түкпірінде қылаң беріп қалатын.
Жырда кестеленген Жиделі Байсын жерінің бір пұшпағы – Мырзашөлде де бір батыр ескерткіші орнатылса, жас ұрпақты ел қорғауға, ерлікке баулитын символ болар деген ой мазалайтын.
Бұл ойды мен Шымкентте тұратын жерлесіміз ғалым-меценат Мүсілім Таласовтың да аузынан естідім. Ол Жетісайдан Өзбекстанға Гагаринге шыға беріс күре жолға Алпамыс батыр ескерткішін қойсақ, батыр мүсіні айбат беріп тұрар еді деп еді. Бұл 2005-2007 жылдары болатын. Орайлы сөз іштегі ойды үрлей түскендей болды.
2010 жылы тамызда Мақтаарал ауданына облыстан Серік Тұрбеков басшы болып келді.
Мен ол кезде іріленген ауданның ішкі саясат бөлімі басшысы болып қызмет атқаратынмын. С.Тұр­бе­ков мырза үлкен ауданның дамуына үлкен серпіліс берді. Ауыл шаруашылығымен бірге әлеуметтік салаға да мән берді, іргелі құрылыс нысандары салына бастады. (мектептер, стадиондар, ФАП)
Мырзашөлдің қара шаңырағы Атакент (Ильич) селосындағы, кеңес кезінде салынған стадионды күрделі жөндеуден өткізіп, қоршады. Осы спорт кешенінде кәсіпкер Б.Оңғарбаевты тартты. Оңғарбаев құлшына кірісіп, арка қақпасын орнатты. Стадионға Алпамыс батыр атын беруге бастамашыл болды.
2012 жылы қарашада стадионның ашылуын жасап, “Алтын күз” мерекесін өткізді. Облыстан облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов бастаған бір топ қонақтар келді. Мерекелік шарада стадион алдында Алпамыс батыр ескерткіші қойылатын болды деп, орнын белгілеп Б.Оспановқа капсула қойғызды. Жылдар жылжып жатты. Келешекте қойылатын ескерткіш орны үлкен жолдан көзден таса, бір шетте қалатын болғаны мені мазалай берді. Батыр мүсіні арнайы бұрылыс болмаса көзге түспейді, ешкімнің назарын аудармайды деген ұғым ұйқымды шала еткенін несін жасырайын.
Аудан басшыларынан бастап, ешкерткішке қомақты қаржыдан қарасамын деп құлшынып жүрген батыр-шалыс Б. Оңғарбаев та менің пікіріме құлақ аспайтыны белгілі. Не істемек керек, қалай беттерін бұрып, қалай түсіндірсем екен? Осындай ой құшағында жүріп, көңіл шіркін өлкеміздің өз ұлдары, Тойым Жүнісов пен Бегім Серіков ағаларыма жеткіздім. Екеуі де қолдады, орынды пікір екен деді.
Жылдың қыркүйек айында болу керек батырдың мүсіні құйылып бастағаннан хабардр болдық. Алдын ала мүсіннің жасалу жобасын мүсінші Әлімжан Абылаев Бейсенұлы бауырымыз аудан әкімдігіне алып келіп, аудан әкімі бастаған қызығушы топқа, біздерге бірнеше мәрте көрсетті. Ат үстіндегі батыр бейнесі мен Байшұбар тұлпар­дың сомдалуы, қару-жарақтары, қимылдары жөнінде ел ағалары бірігіп ұсыныс-пікірімізді айтып отырдық. Әлімжан Абылаев керекті құнды ұсыныстарды қағазға түсіріп алып, мүсіннің сұлбасын толықтай түзеп отырды.
Ат үстіндегі Алпамыс батыр мүсіні Шымкентте мүсінші шеберханасында жасалды. Ауданнан азаматтар болып арнайы барып көрдік. Аудан әкімі орынбасары Әділхан Әбжановтың кабинетінде бас қосып, ескерткіш мүсіннің бағасын талқыладық. Талқылауда Әбжанов, Б.Оңғар­баев, Б.Төребеков және мен болдым. Мүсін жасаушы еңбегіне 15 миллион қаражат сұрады. Ескерткішке аудан бюджетінен арнайы қаржы қаралмағандықтан демеушілер есебінен жасатуға келіскенбіз.
Әркім-әркім бағаны түсір деп төмендетіп жатты. Мен үлкендігімді пайдаланып Әлімжан інім биыл он төртінші жыл, мүсін бағасын он төрт миллионға түсір, айналайын деп өтініш жасадым. Қасымдағылар да қолдап шулады. Әлекең сәл үнсіз ойланып тұрып, мақұл аға деп келісімін берді. Ә.Әбжанов маған: “Пердеке, үлкенсіз ғой, сізді тыңдады автор, енді бата беріңіз” деді. Мен бата жасадым, келісім жасалды.
Енді ескерткішті қоятын орынды шешу үшін арнайы жиын өткіздік. Іріленген ауданның үш өңірінен де өкілдер, ел ағалары шақырылды. Жиын аудан әкімдігінің үлкен залында өткізілді. Аудан әкімі С.Тұрбеков ашып жүргізіп отырды. Мүсіншілер ескерткіш жобасымен таныстырып, түсіндірді. Алдын ала қос ағама телофон соғып, ескертіп те қойдым. Ескерткішті Атакенттегі стадион алдына қою­ды қолдаушылар Атакент селосы тұрғындары А.Балта­баев, В. Самохвалов А.Құдайқұловтар қолдап сөй­леді. Жетісай өңірінен Т.Досаев, С.Жолдыбаев Т.Жүні­сов­тер көрнекі орынға қойылғаны дұрыс дегенді меңзеді.
Пікірлер екіге бөлінгендіктен, мәселені түсіндіру үшін кезекті сөзді беруді сұрадым.
-«Алпамыс батыр» эпостық жыры оның басты кейіпкері Алпамыс батыр – жалғыз қазақ халқының батыры ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың батыры екендігін айтып, батыр бейнесі, алып Ескерткіш көрнекі орынға, тоғыз жолдың торабына, үлкен жолдың бойында қол жетімді жерде орналасқаны баршамызға тиімді екендігін түсіндіруге тырыстым.
Ондай орын Жетісай-Шымкент трассасы бойында оң жағы – Атакент, сол жағы – Жетісай, ортасында Асық ата кенті үш бағытты жолдың түйіскен жері – Жамбыл ауылы (Қазыбек би) қолайлы болады.
Ат үстінде мұздай қару-жарақпен құрсанған алып Алпамыс батыр бабамыздың үлкен Ескерткіші үш бағыт­та­ғы жолаушыларды бей-жай қалдырмайтынын жеткіздім. Алыстан келген қонақтар, аудан тұрғындары, әсіресе, жас­тар, жас-жұбайлар ескерткішке тоқтап, тағзым етіп, ес­те­лік­ке суретке түспей кетпейтін болатынын да қалдырмадым. Менің пікірімді сол кездегі «Сырдария» университетінің про­фессоры, зейнеткер, ел ағасы Бегім аға Серіков қол­дап, қуаттай сөз сөйледі. (топырағы торқа болсын ағамыздың)
Зал тынышталып, мүсін жасаушы Абылаев Әлімхан да орынды пікірге қосылып, ат үстіндегі батыр мүсіні биіктігі 6-7 м құрайтынын айтты. Сөйтіп, ескерткішті Жамбыл елді мекені тұсындағы түйіскен орынға қоюды қолдаушылар тобы басым болып, тоқтамға келді.
2014 жылдың қара күзінде eскерткіш дайын болған­дық­тан орыны дайындалып, іргетасын құю жұмыстары жүр­гізілді. Жер астына 2 м тереңдікте қазылып, қалың цемент құйылды. Құрылыс талаптарына сай жұмыстарды «Нұр-Л- Жетісай» фирмасының басшысы, кәнігі құрылысшы-маман азамат Мұрат Байтелиев басшылығымен, демеушілігімен жүргізді.
Іргетас тұғырдың жалпы биіктігі- 9 метр болып, жалпы 24 тонна цемент жұмсалғанын айтады Мұрат мырза. Батыр­дың қанаты-Байшұбар мен Алпамыс батырдың айбарлы мү­сінінің өзі 6-7 м биіктікті құраса, алып eскерткіштің жалпы биіктігі 14 метрді құрайды.
Көз ұшынан менмұндалап көрінетін алып ескерткіш ав­торы Шымкенттік Әлімжан Абылаевқа да, негізгі қаржылай демеуші болған, ер мінезді бауырымыз Бауыржан Оңғар­баевқа да қалың қауым, мырзашөлдіктер ризашылығын білдірді.
Алпамыс батыр ескерткіші Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 14 желтоқсанда ашылды. Ашылу рәсіміне Алматы, Астана, Қызылорда, Шымкенттен, алыс-жақын аудандардан қонақтар келді. Аудан әкімі Серік Тұрбеков бастаған ел ағалары Т.Жүнісов, Б.Серіков, Ә Сұлтанбеков жылы лебіздерін білдірсе, елімізге танымал жезтаңдай әнші Серкібаева Наркенже Алпамыс батыр жырына арнайы шығарылған арнау әні жиналғандардың ризашылық сезімін оятты. Әннің рухқа толы сөзі мен әуелеген екпінді әуені жан-дүниені шымырлатып, ерлікке, елдікке меңзеді. Жиналғандардың сұранысы бойынша ән бірнеше рет қайталанып орындалып жатты.
Бахадүр батыр ескерткіш көрген жандарды, жас ұр­пақты ерлік пен елдікке, отаншылдық пен мемлекетшілдікке меңзейтін тұғырлы мүсін болып орын тепті Мырза да­ла­сы­нан.
Кәсіпкер, жаңашыл азамат Б.Оңғарбаев ескерткіш аумағына шағын аллея жасап, орындықтар қойып, гүлзар етіп, көшеттер отырғызып, жыл сайын жаңартып, тазалап отырады. Мырзашөлдегі алып Ескерткіштің орнатылу тарихы осылай болып еді.
Мұның бәрін тәптіштеп жазып отырғаным, болашаққа, ұрпаққа жасалған ұлағатты басталған істің қалай болған тарихын кейінгі толқын оқысын, білсін деген ой болды. Туған жердің өлке шежіресін жадында тоқысын деген ниет еді біздікі. Кейіннен тағзым ететін бұл орынға қазақтың қайсар ақыны, Еңбек Ері, М.Шаханов халық әртістері Н.Нү­сіпжанов, марқұм Е.Хасанғалиевтер тоқтап, аялдай суретке түсті.
Жас-жұбайлар, жастар, сырттан келген қонақтар тоқтап, баба батыр рухына тағзым жасайды.
П.ЕСЕНБЕКОВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі, еңбек ардагері.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҮКІЛІ ҮМІТТІ ЖЕЛБІРЕТІП…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ҚАДАМДАРЫН ҰСЫНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.