Жуырда ғана Қазақстан «Балалар» футбол лигасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жылыбұлақ елді мекенінің «Жылыбұлақ» балалар командасы жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Аудан намысын республикалық деңгейде қорғап қайтқан балалар футбол командасының жетекшілері Рахимов Рүстем мен Біржан Қалдыбаев. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған аладоп шеберлерінің айқасында финалдық бәсекеде ғана есе жіберген оғландар алдағы додаларда да топ жарып, биік белестерді бағындыруға ниетті.