ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА АҒА ШОПАН АТАНҒАН — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА АҒА ШОПАН АТАНҒАН

25.09.2023
Қоғам
0
ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА АҒА ШОПАН АТАНҒАН

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

1947 жылы маусым айының үшінші жұлдызы күні ОҚО, Түлкібас ауданы, Қарабастау ауылында дүние есігін ашқан Сабырбек ағамыз қаршадайынан еңбекке ерте араласып, шымболаттай шыңдалып өсті. Кеңес Одағының Батыры С. Бреусов атындағы орта мектепті ойдағыдай бітіріп шыққан соң отбасылық жағдайына байланысты өзі қалаған мамандығын алу үшін бірден жоғары оқу орнына баруға ұмтыла қоймады. Алдымен кіндік қаны тамған ауылында еңбек етіп, өмірлік тәжірибе жинақтап алуға бел буды. Содан, «Путь Ильича» колхозында алғашқы еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастады. Қашанда өзінің елгезектілігімен, тындырымдылығымен көзге түсіп жүрген оның еңбекке деген құлшынысын байқаған колхоз басшылары жас жігітке үлкен сенім артып, аға шопан ретінде бір отар қойды алдына салып берді. Құрғақ, көпірме сөзден гөрі нақты іске бейім салмақты жігіттің мал шаруашылығына деген талпынысын байқаған шаруашылықтың тіс қаққан кәнігі шопандары балаңдау жігітті өз қамқорлықтарына алып, ақыл кеңестерін үзбей айтып, тәжірибесі аздау оған бас –көз болып жүрді.
Уақыт өте келе Сабырбек те ысылып, қой бағудың сан қырын еркін игеріп алды. Енді ешкімнің де жетеленуінсіз барлық тірлікті тындыра алатын дәрежеге қол жеткізетін дәрежеге жетті. Кез келгеннің қолы жете бермейтін, бар болғаны он жеті жасында аға шопан атанған жасөспірім осылайша уақытпен санаспай еңбек етуге көшті. Сол кезде ол қойларымен Ақсу Жабағылының баурайын жылдың төрт мезгілінде мекен етіп, ең бастысы, қарамағындағы малдарының қоңдылығын жоғалтпауды басты назарда ұстады. Бар күш-жігерін осы мақсатқа жұмсады.Арада біраз жылдар өткенде адал еңбегінің арқасында тұяққа-тұяқ қосылып, отарындағы қой санын шығынсыз көбейте білген аға шопан колхоздағы мал басын көбейтуге орасан үлесін қосып жүрді. Нәтиже жаман болған жоқ. Әр жүз саулықтан 107-113, кейінгі жылдары әр жүз саулықтан 130-138-дан төл өргізіп, «Путь Ильича колхозының маңдай алды озат шопандарының қатарынан орын алды.
Баққан қойлары да қоңдылығын жоғалтпай, жүн қырқу науқанында жоғары көрсеткіштерді көрсетіп тұрды. Ерен еңбектің нәтижесі де кешікпей өз жемісін көрсете бастады. «Мал шаруашылығының шебері», «Социалистің жарыстың жеңімпазы», «Алтын қолды шебер» атақтарына ие болып, III- дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені омырауына тағылып, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Компартиясының XIV-сьезіне делегат ретінде қатысып қайтты. Озат шопан Сабырбек Манабаев 1977, 1984, 1987,1990 жылдары Шақпақ ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланып, халық қалаулысы атанды. Мал шаруашылығының майталман аға шопаны, ел-жұртқа сыйлы Сабырбек аға 2010 жылы еңбек демалысына шығып, жастарға орнын босатты.
— Қабырғасы қатаймай жатып қой бағып, шопандықтың құт дарыған таяғын ұстаған, осы сара жолда бағы ашылған ол кісі бүгінде ауылымыздың қадірменді қариясы ретінде қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып тұрады, — дейді Шақпақ баба ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдықұл Айтжанов аға еңбек ардагері жайлы өз ризашылығын жасыра алмай.
— Кейінгі ұрпаққа еңбегі үлгі-өнеге болатын ардақты жанымыздың ауылымыздың өсіп-өркендеуіне, көріктендіруге де бел шеше ат салысып жүрген жағдайы бар. Сәкең 2003 жылы ауылдағы «Имам Ағзам» мешітін күрделі жөндеуден өткізіп беруге орасан үлесін қосты. Демеушілік танытып, елге сауапты істі атқарды. 2010 жылы Меккеге барып, қажылық міндетін атқарып қайтты.
Иә, ардагер ағаның артта қалған өнегелі өмір жолдарына бір сәт зер салып қарасаңыз, талай игілікті істердің салтанат құрып тұрғанын анық байқаған болар едіңіз. Бар саналы ғұмыры адал еңбекпен өрілген ағамыздың Құдай қосқан қосағы Сапаркүл апамызбен тату-тәтті ғұмыр кешіп, өздерінен тараған алты перзенттерінен 18 немере мен 5 шөбере сүйіп отырған жағдайлары бар. Бір сүйсінерлігі, ұрпақтары да бүгінде мамандықтарына орай еліміздегі әр салада адал еңбек етіп, Манабаевтар әулетінің атына дақ түсірмей келе жатқандығы. Бұған өткен шаққа даналықпен, болашаққа балалықпен көз тастап отырған Сабырбек ағаның әрине, дән риза болары даусыз…
О.КӨМЕКОВ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Отбасы – қоғамның басты құндылығы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАУЫТ ТӘУЛІГІНЕ 30 МЫҢ ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.