ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

29.04.2023
Жаңалықтар
0
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Түркістан облысында  Сауран ауданы құрылғалы бері жастардың ауылдарда тұрақтап қалып, өз бизнестерін ашып, ел дәулетін еселей түскені байқалады. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп келеді. Осыған орай, Сауран ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Қонарбай Амангелдіұлымен сұхбаттасқан едік.

– Қонарбай Амангелдіұлы, өткен жылдары қанша жасқа мемлекеттік грант бөлініп, қаншасы ұтып алды? Олардың ішінде жұмысын жемісті атқарып отырғандарын атап өтсеңіз.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

– «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 бұйрығына сәйкес, 182 азаматқа мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 100 азаматқа грант берілді.

Мемлекеттік грантты алған 182 азамат өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсақ, Икрамжан Бакиров, Қаламқыз Сапарова, Фатима Журабекова, Сырбек Құлтаев, Ақерке Абдраимова жеңіп алған грантқа өз кәсіптерін ашып, бүгінде еңбектерінің жемісін көріп отыр.

– Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Ауыл жылы» деп жариялады. Осыған орай, қандай жобалар мен жоспарларыңыз бар? Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсата пайдалануға көңіл бөліп жатқандары бар ма?

-Мемлекет басшысының биылғы жылды арнайы «Ауыл жылы» деп жариялауында үлкен мән бар. Ауыл мен ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны анық. Жалпы, бұл тек Қазақстанның ауыл шаруашылығын көтеру жылы ғана емес, бұл – қазақтың ауылын қайта жандандыру, түрлендіру деген сөз.

Мемлекеттік грантты жеңіп алған 33 жас кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысуда. Атап айтсақ, мал бордақылау, құс асырау, тамшылатып суару, егін шаруашылығы.

– Қонарбай Амангелдіұлы, өзіңіз басқаратын аудандық жұмыспен қамту орталығының алға қойған басты бағытын атап өтсеңіз?

– Біздің алға қойған басты мақсатымыз Сауран ауданының халқын жұмыспен қамту. Жастарды мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа қамту. Сонымен қатар, қоғамдық және жастар практикасы арқылы алғашқы жұмысқа орнала-суына және мемлекеттік гранттарды алуға бағыт-бағдар береміз.

Жеке кәсіпкерлерге көмек ретінде мемлекет тарапынан жұмыскерлердің айлық мөлшерінің 35 пайызы субсидия (қайтарымсыз қаржы) ретінде беріледі. Зейнет жасына дейінгі азаматтарға көмек ретінде күміс жас жобасына 20 АЕК төлемінде көмек көрсетіледі.

– Биылғы жылы бизнес бастаған 35 жасқа дейінгі азаматтарға қолдау ретінде 5 млн. теңгеге дейін несие бөлінбек екен. Оның жай-жапсары қандай? Қандай құжаттар толтыруы керек.

-Жастар қатарындағы үміткер-лерге мерзімділік, ақылылық, қайта-рымдылық, қамтамасыз етілу, ныса-налы пайдалану қағидаттарын сақ-тай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі. Атап айт-сақ, мал шаруашылығы саласын-дағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін беріледі.

Микрокредиттің ең жоғары сома-сы – 5 млн. теңгеге дейін, номинал-ды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы – 1/3 құрайды.

ҚР салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокре-дит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.

– Басқа да ойыңызда жүрген өзекті жайларға тоқталсаңыз.

-Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды азайтып кедейлік шегінен шығару үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие беріп өз жеке кәсібін ашуға ықпал жасау қажет. Және де жұмыспен қамту белсенді шараларына тартып, аз қамтылған отбасылар санын азайтуға ықпал жасау.

Л.САРЫБАЕВА.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Сергектігі – спорттан, шеберлігі – бейнеттен

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.