ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР

29.04.2023
Жаңалықтар
0
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖОБАЛАР

Халықты еңбекпен қамту, жұмыссыздықтың алдын алу еліміздің экономикалық әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы ретте біздің бөлім халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру,жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де ұйымдастыратын заңды тұлға ретінде Түркістан қалалақ халықты жұмыспен қамту орталығы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Өткен жылы «Ұлттық жоба» аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша қаламызда еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылғы жылы 5355 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстарға талдау жүргізсек, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына жүгінген 9430 азамат бағдарламаға қатысып, жоспар көрсеткіші артығымен орындалып, бірқатар азаматтар жұмысқа орналасты.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде ұлттық жобаға жүгінген жастар санатындағы 4170 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Атап айтқанда, 593 жас түлек жастар практикасына, 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 35 жас алғашқы жұмыс орындарына 401 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 1557 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 177 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды.Сондай-ақ, 1333 жас бастау бизнес жобасын аяқтаса, 30 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды.

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту түріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған еді, жыл қорытындысында жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарын аяқтап, тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Кешенді жоспардың Тұрақты және жаңа жұмыс орындары бойынша орындалу деңгейіне тоқталсақ, 2022 жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен, ал 2200 азаматты жаңа жұмыс орындарымен қамту міндеттелді. 12 ай ағымында 4515 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 2651 азамат салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындарына жолданды.

Қаламыздың осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Есепті жылы мүмкіндігі шектеулі 385 азамат белсенді шараларға тартылды. Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тоқталар болсақ, қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды.

Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көзделсе, жылдың 12 ай ағымында 593 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жыл қорытындысымен жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 35 адам жолданды.

Қала аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін 650 азаматқа ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланды. Есепті айда бағдарламаның бұл бағытына жүгінген жұмыссыз 887 азамат қоғамдық жұмыстар орындарымен қамтылды.

Ұлттық жобаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылға 273 азаматтың жаңа бизнес идеяларына қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттарын ұсыну көзделген. Қорытынды да 273 азаматтың бизнес идеялары комиссия шешімімен мақұлданып, жоспар толығымен орындалды.

Әлеуметтік қаржылай қолдау мәселесі бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы жылы 3608 отбасына немесе 20500 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жос-парланып отыр. Жоспарға сәйкес, жыл-дың 12 айында 4150 отбасына әлеу-меттік көмек қаражаты тағайындалды.

Ақмарал ЖУЛАЕВА,

Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еңбеккер бейнесінде ұстаз, спорт саңлағы — САКИЕВ АБАЙ РАМАЗАНҰЛЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.