Бүгінде қаланың орталық көшелерінде магнолия, декоративті алма ағаштары, мен кеңтамыр ағаштары жерсініп бой тіктеп тұр. Түркістанды бақпен көмкерілген шаһарға айналдыру үшін жасыл желек қорын ұлғайтуға күш салып жатқан билік өкілдері қаладағы жаңа нысандарды салушылар инфрақұрылымды жобаларға ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда, ал бұл өте маңызды. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желекке бөленуі үшін қалалықтарды осы бастаманы қолдауға шақырып келеді.
Жаяу жүргіншілер үшін сябақтар саны күн санап артып келеді. Қала аумағында 225 гектарда 30 саябақ, 14 гектарда 15 гүлзар мен аллеялар, 130 гектарға жуық аумақта 9 алаң бар. Түркістан қаласын абаттандыру мақсатында «Желілік саябақ», «Төле би» саябағы, «Шатқал» саябағы, «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 1- мөлтек аудандағы 36,3 га құрайтын көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс орталығына айналған Түркістан қаласына ағын су тапшылығын шешу үшін өңір басшысының бастауымен 250 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолы табылғаны белгілі.
«Түркістан магистралды каналы» күрделі жөндеуден өткізіліп, аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. Былтыр жаңадан салынған «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. «Арыс-Түркістан» магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн. текше метр ағын су жеткізіледі. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су келеді. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн. текше метр ағын су жеткізіледі.
Түркістан қаласының аумағын көгалдандырып, егістік алқапты суаруға үлкен үлесі тиетін Түркістан магистральдық арнасы бүгінде күрделі жөндеуден өткізілуде. Жоспар бойынша 59 шақырымы бетонмен қапталады. Соның нәтижесінде 60 млн/м3 су үнемделетін болады. «Түркістан магистральдық арнасы арқылы қала ішіндегі демалыс аймақтары да суғарылатын болатын. Оған қоса қала аумағындағы 8 шақырымы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салыну көзделуде. Қазір каналдың 14 шақырымы бетондалған. Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде 11 млн/м3 ағын су үнемделген. Өңірдегі тағы бір маңызды жобалардың бірі – сыйымдылығы 18 млн.м3 құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы. Бүгінгі таңда үлкен бөгет құрылысы 12 метр биіктікке көтеріліп, шағын бөгет және дренаж призмасы толығымен салынған. Нәтижесінде мұнда жылына 34 млн м3. ағын су жиналады. Ал, Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу жобасы қарастырылған. Бұл Түркістан магистралды каналына жылына қосымша 80 млн.м3 ағын су жеткізуге мүмкіндік беретін болады.
Бүгінгі таңда жобаға техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді. Су арналарын қалпына келтіру жұмыстары Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашары сөзсіз. Сондай ақ, 15 мың гектар жайылым жерге су жеткізумен қатар, балық шаруашылығын дамыту қолға алынады. Соңғы екі жылда облыстық бюджет есебінен 243 шқ 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілді. Нәтижесінде 44,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарған. Ағын суды үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы іске асырылуда.